Студент деген кім?

 

Студент – сөздің тобықтай түйінін, сабақтың құлақ күйін келіруге тырысатын, жағымпаз сарбаз.

 

Студент – түзу жолда сүрінетін, жаман баға алса өмірден түңілетін, кейбіреуіне білім жұқпас, білім жұқса да сабақтың тілін ұқпас, кейбіреуінен мін де таппас ғылым жолындағы із кесушілер.

 

Студент – Қоғамның кешегісі мен бүгінгісін, саралай отырып, келешегін жасайтын жеке тұлға.

 

Студент – өз сөзін ғана жөн деген, өмір шындығын білмеген, сессия кезінде терлеген, әр күнде білімге шөлдеген, сонда да шөлі қанып көрмеген болашақ маман иесі.
 

 



Бөлісу: