Студент арманы

    "Армансыз адам-қанатсыз құспен тең". Қиялдың көгіне мың шығып, мың батып армандамайтын адам жоқ болар, сірә? Өз басым көөөп армандаймын. Болмас жәйттарды да.Қиял, ой деген,шіркін, жүйрік қой!Дәл қазір менің не армандап отырғанымды білесіз бе?! Әрине, жоқ. Себебі сіз менің ойыма кіріп-шығып отырған жоқсыз. Ендеше, жазайын... 

    Студент ең алдымен нені армандайды? Оның әркез қарны тоқ емес... Тамақ. Иә, тамақ. Осы орайда университет асханасында бір мезгіл түстік берсеее... Құдды бір бастауыш сыныптардағыдай. Ол кездерде тегін оқушы ек қой... Қазір мүлдем басқаша... Немесе, жатақханада үш мезгіл тамақтандырсааа... Күшті-күшті емес болса да мәз болушы ек.  Сосын... Тегін проездной берілсеее... Арман ғой, арман. Жатақхананың әр бөлмесінде бір тоңазытқыштан болса... Бір қабатта бір душ болса... Міне, бізде осындай арман!

Пы\сы: Жазбас бұрын бөлмелес құрбыларымның пікірлерін де білдім. Бәріміздің ойымыз бір ма деймін... Сіздің қандай арманыңыз бар немесе қандай арманыңыз болды? Бөлісе кетіңіз, бізге де қызық.



Бөлісу: