Стресс пен депрессияның даурығында жүрмін. іштей күйініп, іштей өзімді жегідей жеудемін. Бұлайша сағым сынатындай ешкім ештеңе демеді, ешкім ештеңе істеген жоқ. Мүмкін гармондар шығар денемді дел- сал етіп, ашуымды ашытқы қосқан қамырдай тасытып жатқан. Өзімнен-өзім ашуға булығып жүрмін. Барлық ашуымды бір кеудеме жинап жарылып кеткім келеді. Бейне бір шар тәрізді. Ішіне тоқтаусыз ауа үрлей берсең, ақыр аяғында жарылып кететін сияқты. Ешкіммен сөйлескім келмейді. Мүмкін менің ең жақын адамым менің санаммен санасқысы, менің ойыммен бөліскісі келмегендіктен болар, менің арманымды азап, мақсатымды мазақ ететіндігі шығар, менің адам ретінде бостандығымды шектеуі шығар. Жо-жоқ мен бостандық деп өз бетіммен лағып кетуді айтқан жоқпын, менің ой бостандығымды, сөз бостандығымды шектейтінін айтам. Бірақ, мұның бәрін не үшін жазып жатырмын. Білмеймін..... Мен сияқты мүмкін оймен арпалысып, стресстен сейіле алмай жүргендер бар шығар. Ешқашан депрессияның күйін кешпеген маған, бұл бірінші рет бастан кешіп жатқан күйім қиынға соғып жатыр. Қызық, менен мұндай шығады деп ойламап едім. Үлкен бе кіші ме ашуыма тисе бет-жүзіне қарамай аузыма келгенін айта салатын болыппын. Бұл маған жат қылық еді. Кеше Массагеттің кездесуіне де бара алмадым. Көңілім көншімей, қабағыма қар түсіп, күйім онша емес еді. Тағы бәрінің көңіл-күійн түсіріп қоярмын деген оймен бара алмадым. Мақпал Сембайдан Барлық жаңалықты естіп, бармағаныма өкініп отырмын. Стресстің үстіне стресс. Барғандарға қызығып, тіпті қызғанып отырған сияқтымын. Е Аллаһ Сабыр бер, сабыр...