СТОП, РАСИЗМ!!!
блог
Елуден асып мосқал тартқан ақ нәсілді әйел ұзақ кезектен кейін қалың жолаушылардың арасынан бөлек бөлініп, билет бойынша тиесілі орнына келгенде...бірден көңілі суып сала берді. Сілейіп қатып тұрып қалды. Отырғысы келмеді.
Оның орны қара нәсілді ер кісімен көршілес екен. Қорланғаны сонша, әйел дереу стюардессаны шақырып алып, басқа орын талап етті: «Мен өлсем де қара түсті еркекпен қатар отырмаймын». Жағдайды шешуге тырысып стюардесса: «Кішкене сабыр етіңіз, мен қосымша орындар қарап көрейін» деп жолаушылар туралы есеп құжаттарын тексеруге кетті. Сәлден соң қайтып келіп: «Азаматша, мұнда экономкласта ешқандай артық орын жоқ. Бірақ мен капитанмен сөйлесіп көрейін, мүмкін бірінші кластан орын табылып қалар» деді.
Сүт пісірімдей уақыт өткен соң стюардесса қайтадан пайда болып, былайша хабарлады: «Капитан экономкласта ешқандай артық орын жоқ, бірақ бірінші класта қосымша бір орын бар екенін мәлімдеді. Біздің компаниядағы негізгі ереже бойынша, экономкласс жолаушысын бірінші класқа ауыстыруға болмайды. Бірақ адамдыЖАҒЫМСЫЗ, СҮЙКІМСІЗ, ЖИІРКЕНІШТІ кісімен қатар отыруға мәжбүрлеу қиянат болғандықтан, капитан жолаушыға бірінші класқа ауысуға рұқсат берді.
Әйел ләм-мим деп үлгергенше стюардесса қара нәсілді кісіге бұрылып: «Сондықтан, құрметті азамат, рұқсат етсеңіз, сізді комфортты, жайлы бірінші класқа ауыстырғымыз келеді. Өйткені капитан сіздің ЖАҒЫМСЫЗ, СҮЙКІМСІЗ, ЖИІРКЕНІШТІ адаммен қатар отырғаныңызды қаламайды».
Жолаушылар, кейбірі орындарынан тұрған күйі құрметін білдіріп, ұзақ қол соқты.