СТО - ға саяхат немесе үздік автокөліктер
блог
Автокөлік міну көптің арманы. Жеке теміртұлпарың болса, әрине, нұр үстіне нұр емес пе?! Алайда, теміртұлпар иеленуге мүмкіндік туа қалса қандай көлік дұрысы деп ойланып қаламыз. Мен теміртұлпар жөніндегі маман емеспін, алайда мүмкіндік туып қалған жағдайда көлік жөнінде өз пікірім де бар. Ғаламтордан іздегенде түрлі көліктер тізімі алдыңнан шыға келеді. Көп көліктен бейхабар екенімді тағы түсіндім. Сондықтан көлік зерттеу мақсатымен өзімнің тұратын жерім Алматыдағы Ақжар микроауданында орналасқан ТЖО – ға ат басын бұрдым. (Көпшілік түсіне бермес СТО ғой)
Онда жұмыс істейтін адамдар маған біртүрлі қарағаны да рас. Көлігі жоқ мына бойжеткен темір терсектің арасынан не іздеп жүр деген ой, әрине, оларда болды. Мен келу себебімді айттым. Алайда, ТЖО жұмысшылары да көп көлік түрін біле берместерін ашып айтты. Мәселен, кәдімгі әр көліктің мамандары ретінде жұмыстар атқарады екен. Яғни, көпшілік мінетін тұлпарлардың мамандары екен. Біреуі Тойота маманы болса, енді бірі Лексус маманы дегендей. Сонда да мен бос уақыттарын пайдаланып сұхбатыма көштім. ТЖО – шы ағайлар мүдірместен барлығын түсіндірді. Ризашылығымды да білдірдім. Бұл мен үшін қызық болды. Сонымен, мен үздік деп тапқан көліктер тізімін жарияламақпын. (ТЖО – дағы ағайлардың пікіріне сүйене отырып жасаған тізімде менің де ұнатқан көліктерім бар)
- Көпке таныс емес Линкольн көлігі.
Нақтырақ айтқанда Lincoln Navigator. Бағалары әртүрлі бұл көлік түр – сипатымен ерекшеленбесе де 68 000 км жолды қиындықсыз меңгеретін таптырмас көлік. Егер, әрине, салоны кожа материалды, металлик, центрозамок, кондиционер, климат контроль, круиз контроль болған жағдайда. Бағасы да әртүрлі дегенімдей кей адамдарға қолжетімді бола бермейді. Мәселен, 2006 жылғы бұл көлік бағасы 20 999 $ - ды құрайды. Ал ескісі, яғни 1997 жылғы түрлері 10 000 $. Дегенмен де, баға көлік жағдайына байланысты есептеледі. Ол баршамызға белгілі. БУУ бар дегендей.
2. Infiniti теміртұлпары.
Әсіресе, Infiniti FX35 бағасы қайнап тұрған көлік базарындағы тұлпар. 24 500 шетел долларын құрайтын бұл көлік кейде қолжетімді болып қалады. Дегенмен, ең жақсысы 2012 жылғы нұсқасы. Ол 52 000 долларды құрап, мен жағамды да ұстадым. Бірақ, маған бұл көлік түрі қатты ұнады.
3. ГАЗ 310221.
Мынандай «фургонды» үздік көліктер тізіміне неге қосты дейтін шығарсыздар. Бірақ, бұл көлік түрі де үздік тұлпарлар қатарынан табылуға әбден лайық. Бағасы 3 700 доллардан басталатын «фургон» 13 – ке жуық орындықтармен жабдықталған. Яғни, көппен бірге жолға шығуда таптырмас көлік.
4. Skoda Yeti көлігі көпке таныс емес шығар.
Бағасы кейде 18 000 долларды асып түсіп жатады. Сырт көзге менің ойымша «грамотно» көрінетін сияқты. Танысып қойыңыздар, бұл Skoda Yeti автокөлігі. Бірақ, бұл көлік туралы көп мәлімет таба алмадым.
5. BMW X6 M.
Бұл 120 000 – ның көлігі. Теңге емес, доллар. Иәә, мен мұны алыңыздар демеймін, себебі, қалтаны сыпырып алатын бұл көлік мен үшін тек арман ғана. 5 000 доллардың көлігіне қалта қимай жүргенде бұл сома мен үшін тіпті де қорқынышты. Жалпы, BMW көлігі қазіргі таңда жастар мінетін көлікке айналып барады. Кейбіреулер жылдамдығы күшті бұл көлікке «дура машина» деген де атау беріпті. Ұшып жүргізетін жастар осы көлік түрін таңдап мінеді екен. Бұл көлік іштей ғана емес сыртқы көрінісімен де адамды тартпай қоймасы анық.
Мен таңдаған көліктер, міне, осылар!!! Көлік десе қымбат, әдемі көліктерді тізіп бастаймыз. Бірақ, бұл «тамаша» көліктер жарық көрместен бұрын қандай көліктер болғаны естеріңізде ме?! «Москвич», «Лада», ретро – автокөліктері қандай еді?!
Өткенге көз жүгіртер болсақ көлік атасы жылқы, есектерден бастау алады. Солай емес пе?! Қазір барлығы Германия шығарып отырған «неміс машиналарын» мінеді. Жалпы, қысқасы осылай. Қанша көлік болса да қазақтың жылқысына жете бермесі де хақ. Жүйрік шабандоз сәйгүліктер, Құлагердей тұлпарлар темірдің қасында жаны бар, ең әдемі көліктер. Менің көліктер хақында айтарым – осы. Сіз қандай көліктерді таңдар едіңіз?!!!