Стив Джобс ақылды ма, қу ма?

Стив Джобс ақылды ма, қу ма?
жеке
блог

Осы күнге дейін өзім де табысқа жеткім келіп, табысты адамдардың психологиясын көп зерттедім. Олардың ақылды екеніне күмәнім жоқ, бірақ айласы ақылынан асып түсетін сияқты. Оны төмендегі үзіндіден оқып көріңізші:

Тауарды өзіңіз қалаған бағаға өткізгіңіз келе ме? Сатып алушы мен сатушы арасында саудаласу мәселесі болатыны анық. Сондықтан сауда-саттықта «қымбатынан бастап, арзанымен аяқта» деген қағида бар. Яғни бірінші ең қымбат бағаны айтып, соңында өзіңіз тауарды сатқыңыз келген бағамен аяқтауыңызға болады.

Стив Джобс көпшілікке iPad функцияларын таныстырып тұрып: «Оған қандай баға тағайындауға болады? Маркетолог ғалымдарға сенсек, шамамен 1 000 долларға бағалауымыз керек екен», - деп айтыпты. Артынша экранда 999 доллар деген жазу шыққан. Джобс алдына жиналған қауымға аз уақыт беріп: «Мен iPad құны 999 доллардан емес, небары 499 доллардан басталатынына қуаныштымын», - дейді. Нәтижесінде төмендетілген баға барлығына арзан секілді көрінген.

Джобс iPad бағасын ноутбуктікімен салыстырған жоқ. Себебі iPad пен ноутбук функцияларын салыстырғысы келмеді. Алғашқы бағасы зәкір болса, соңғысы - Джобстың тауарды өткізгісі келген бағасы. Ол табысты адамдарға ғана тән мінезбен барлығын алдын ала ойластырған.

Осы байланысты өзіңіздің пікіріңізді айтып көрсеңіз...