“Стимул-Реакция” қағидасы

“Стимул-Реакция” қағидасы
жеке
блог

Біз кез келген адаммен сөйлесе бастағанда, біз оны тани бастаймыз. Санамызда оның бейнесі қалыптасады, оған деген көзқарас, пікір туындайды. Қатынас жасаушының бет-әлпеті, тұрпаты, жүрісі, көрнекі дауысы, сөйлеу қарқыны, сөйлеу ырғағы – бұның бәрі санамызда туындайтын алғашқы бейнелер, олар әртүрлі әсер туғызады. Осының бәріне бізде «Стимул-Реакция» байламдары қалыптасады, мұнда жоғарыда сипатталғанбарлық қасиеттер «Стимул» болып табылады және оғандеген көзқарас «Реакция» болып табылады. Өмірден қарапайым мысал келтірейік:

«Бірде мен жақын досымның туған күнінде бірнеше жыл бойы көрмеген ескі досыммен кездесіп қалдым. Ол екеуміз кезінде бірге оқыдық, жұмыс жасадық. Осы бірнеше жыл ішінде мен көп өзгердім. Бірақ досымныңсанасында мен туралы «бұрынғы» түсінік болған екен. Ол менімен «бұрынғыдай» әрекет етуге тырысты – ойға қонымсыз әзілдерін айтып әзілдеді, маған енді қызық емес нәрселер туралы әңгіме айтты. Мен көптен бері «жаңаша» ойлайтындығымды түсіндіруге тырыстым, бірақ бұл жігіт «жаңа» мені шынымен көргісі келмеді. Ол менімен емес, бірнеше жыл бұрын өзіне жақын тартқан тұлғамен сөйлескісі келді. Бір сәтте мен оның әрекетіненшаршадым. Мен оған өте ашулы мінез-құлықпен санасындағы «бұрынғы» бейнені бұздым. Осыдан кейін  жаңағы досым жарты сағатқа дейін үндемеді, жағдайды түсіне алмады. Біраздан соң оның мінез-құлқы мен маған деген көзқарасы өзгеріп, дұрыс «Реакция» байламдары орнады.»

Негізінде статистика бойынша некедегі көптегенпроблемалар дәл сол себепті туындайды. Адамдар бір-бірін «кәмпит-букет» (конфетно-букетный) кезеңіндетаниды, көбінесе шындыққа сәйкес келмейтін бейненіқалыптастырады және «осымен жеткізікті, отбасы құруға болады, мен бәрін білдім» деп шешеді. Содан кейін оларотау құрады, бір біріне үйреніседі. Бірақ бір күні екеуініңқарым-қатынасы өзгеріп, санасындағы бейненің «басқаша» екендігін қабылдаудан бас тартып, күлгінкөзілдіріктің арғы жағынан қарап  өмір сүрудіжалғастырады. Содан кейін кенеттен біреуінің шыдамы таусылып, қарым-қатынастарында мәсеселер мен өзараларында шағымдар туындайды. Яғни «Стимул» өзгергендіктен «Реакцияда» сәйкесінше өзгереді. 

Ата-ана – бала арасындағы әңгімеден мысал келтірейік:

Стимул: «сабаққа бар зейініңмен дайындалуың керек деп қанша рет айту керек саған?!»

Реакция: «мен ауырдым ғой, жаттаған өлеңім есімнен шығып кетті»

Стимул: «жарайды, келесі сабақтарда айтарсың, жақсылап емдел»

Реакция: «міндетті түрде дайындықпен барамын, жақсы баға да аламын» 

«Сыртта адаммен танысу жақсы емес, өйткені жақсы адамдар олай істемейді бұны маған анам айтты», «Егер мен тәртіпсіз болсам, анам ұрысады, демек ол мені жақсы көрмейді ме?» осындай «Реакцияларға» талдау жасайық.

Жоғарыда келтірілген мысал негінде «көшеде бөгде адаммен танысу = тәртіпсіз болу = ананың ұрысуы = кеудедегі жағымсыз сезімдердің пайда болуы» сияқты тізбек туындайды. Дәл осыған кереғар «ешкіммен таныспау = тәртіпті болу = анадан ұрыс естімеу = «мені жақсы көреді» деген ой» пайда болып тұр.

Бұл мысалда «тәртіпсіз болу» = «ана ұрысады» арасындағы тізбекті үзген дұрыс. Бұл жағдайда «мен не істесем де, анам мені бәрібір жақсы көреді» деген «Реакция» қалыптасуы керек. Сонда бала өз таңдауында еркін қатынас жасай алатын болады. Кейбір адамдар үшін бұл мысал өмір бойы өзгермей келеді, өйткені олар үнемі басқа адамдардың шарттарын орындауға және жақсы болуға тырысады. Яғни қателік жасаудан қорқақтайды. Жаңаша «Стимул» байламын орнатып, қарым-қатынас жасап, өзгеше «Реакция» қабылдаудан қашады.

Ескере кететін жайт, психологтар адамдардың іс-әрекетін бақылауы мінез-құлық сипаттамаларының жиынтығы яғни: дауыс интонациясы, сөйлеу қарқыны, жест-ишаралар, мимика, ауызекі сөздік және т.б. әртүрлі жағдайларда өзгеретінін байқаған. Мысалы әріптестермен, ұстазбен, жұбайымен, баламен және т. б. өзара әрекеттесу жағдайында адамның мінез-құлқының сипаттамалары айтарлықтай өзгеше болады.

Қорытындылай келе, адамдар жаратылысынанавтоматты түрде «Стимул-Реакция» байламдарын қалыптастыру, үйрену қабілетіне ие және оны өте тез қабылдай алатынын байқадық. Бұл қабілет адамдармен қарым-қатынас кезінде бейімделуге мүмкіндік береді. «Реакциялар» адамдардың заттарға, адамдарға, идеяларға, өзіне, шын мәнінде, әлемдегі барлық нәрсеге қатынасын, әсерін қалыптастырады. Тәжірибеден алатын шешімдер, қорытындылар, принциптер, көзқарастар біздің сенімдеріміз және ойларымыз өмірімізді реттейді. Ал бұнын бәрін туғызу үшін «Стимул» қажет.

Мақала авторы: Фариза Жолдас

Жетекшісі: аға оқытушы Н.Б. Рушанова