Стер** болуым керек пе әлде??
блог
- Саған сылайын деп сатып алып ем, бопты, сен мынаны ала сал, сен өзімізсің ғой. Ана қырсықтың қырсықтығы ұстап қалар құрысын- деп мамам маған сатып алған сыйлығын басқаға беретін болып жатыр. Қызық, қашан да осылай. «Өзіміздікі» ренжімейді. Бізге не берсен де ала береміз. Таңдамаймыз, талғамаймыз. Немесе солай ойлайды біз жайлы. Біз деп отырғанымыз-аңқылдақ, ақкөңіл «өзіміз». Ешқандай талап қоймайтын, белгілі бір стандартты талап етпейтін жандар. Ал, ана қырсығып қалатын кісілерге міндетті түрде барлық талаптарға сәйкес дүниелер мен, оларға сай, оларды ренжітіп қоймайтын, көңілдеріне қаяу түсірмейтін қарым қатынасты қажет етеді.Сондықтан оларға ең жоғарғы сұрыптағы өнімдер мен ең жоғарғы дәрежедегі қызметтер көрсетіледі. Олар жақсылардың жақсысына ие болады. Сонда, мына біздер сондай қарым қатынасқа жетуіміз үшін қырсық болуымыз қажет пе екен??? әлде осы «өзіміздің» күйіміз жақсы ма??? Басым қатып кетті....