Стендап жазу тәсілдері
блог
Бүгінгі блогымды мен елімізге жаңадан еніп жатқан әзіл жанрына арнағым келеді. Дәлірек айтатын болсам стендап-комедия жайлы ой қозғаймын. Стендаппен әлі күнге дейін қауышып көрмеген адамдар үшін осы жанрдың ерекшеліктері жайлы айтып өтейін. Стендап-комедия бұл әңгіме түрінде орындалатын әзілдің жекешіл жанры. Біздің елімізде кең таралған КВН-мен салыстырғанда, стендапта әзілқой халық алдына жалғыз шығады. Мысалға, КВН-де сен жақсы команданың мүшесі болу арқылы жақсы әзілқой атануыңа мүмкіндігің бар болса, стендапта сенің халық алдындағы абыройыңа жауапты тек қана өзіңсің. Стендапта жетістікке жету үшін төмендегідей қасиеттер қажет: әзілді түсіне білу,ұшқыр ой,актерлық шеберлік, ораторлық қабылет және ең бастысы-ақша. Ойнап айтам, құр ақша жеткілікті болады. Әзілдің бұл стилі «слом-сындыру» деп аталады, сындыру сөзінен шыққан. Атап айтқанда адамның ойлау бағытын бұзып, оның күткен ойларын жоққа шығару, тыңдарманды таң қалдыру. Себебі, таң қалдыру жақсы әзілдің ең басты құраушыларының бірі.
Қазір мен әзіл жазудың ең басты қағидалары мен ережелерін түсіндіруге тырысамын. Бірінші ереже – әзіл жазу үшін екі сюжеттік бағыт немесе екі оқиға керек. Әзілдің бірінші бөлімі – бұл «сетап», мұнда әзілқой хикаяның басын баяндайды. Әзілдің екінші бөлімі- бұл «панчлайн», көрерменнің күлкісіне себеп болатын негізгі бөлім. Айтылған мәселелрді тереңірек түсіну үшін бір әзілді талдап, оны қандай нәрсе күлкілі қылатынын түсінуге тырысайық.
Мысал: Менің әжем 60 жасынан бастап күніне бір щақырым жүруді әдет қылды. Қазыр оның жасы 97-де және біз оның қай жаққа кетіп қалғанынан мүлде хабардармыз.
Әзілдің бірінші бөлімі көрерменге мынадай ой салады: Әже жасы 60қа келгенде өзіне ермек болсын деп, денсаулығын нығайтатын серуендер жасауға бел буды. Екінші бөлім көрерменнің бұл жағдай жайлы болжалын түбегейлі бұзады да, хикаяны күлкілі қылады.
Осылайша мен қысқа түрде әзілдің құрылымын талдауға тырыстым. Егер әзілдің қыр-сыры жайлы көбірек білгілерің келсе, жазылыңдар,пікір қалдырыңдар және лайк басыңдар. Барлықтарыңа Рахмет!!!