Стамбул өзіне ғашық етер қала

Стамбул өзіне ғашық етер қала
жеке
блог

Жұмыс, оқу, сабақ және қайта сол қайталана беретін қалыптасқан кертартпа тәртіп әрбір жанды жалықтырып, депрессияға да алып келіп жатады. Сол кезде бәріміздің де ойлайтынымыз мүмкін болса барлық істі тастап алысқа, ешкім сені білмейтін жерге қашып кету, демалу және саяхат жасау емес па?! Адам күнделікті баратын жұмысынан да, әрдайым көретін адамдарынан да, тіпті демалатын жерлерінен де жалығады сол кезде бір өмірдегі өзгеріс, серпін мен жаңа тынысты іздеуде болады. Саяхат осы бір кезде таптырмас шешім секілді. Әрине саяхат дегенде бәріміздің де басымызға қаражат еске түседі, қалтамыз көтереді ме деп уайымдаймыз. Бірақ әрбір адам өзінің қалтасы көтере алатындай кішігірім демалыс жасауға тырысуы қажет және ол әбден мүмкін жағдай, тек қалау болса болғаны. Әлемде неше түрлі сұлулығымен тамсандыратын, көздің жауын алатын және таң қалдыратын қалалар бар. Саяхат жасауда әрбір жан өзінің талғамына қарай, рухын көтеретін және жанының тыныштығын табатын қаланы таңдайды. Ал менен қайда барғың келеді деп сұраса мен бар даусыммен Стамбул деп айтар едім! Әрине біреулер айтар ол тозығы жеткен жауап қой деп, сонда да Стамбул әрбір жанды өзіне ғашық етер және бүкіл уайым-қайғыңнан арылтар қала деп ойлаймын. Стамбул өзінің бойында ескілік пен жаңалықты бірдей ұстап тұрған ерекше және сиқырлы  қала. Хандардың тұрған Токкапыдагы сарайлары, Айя Софья және Сұлтанахмет сияқты мешіттер мен қорғандардың ұлылығын көріп Стамбулдың бекерден Рим, Византия және Осман империяларының астанасы болғанын түсінесін.

Алайда қаланы осындай керемет қылып тұрған халық секілді, өйткені халық шынында да сондай қарапайым, көңілді және қонақжай. Барлығы өз істерін бір ерекше махаббатпен істейді, жұмыстарына асықпай және байыппен, ұқыпты қарайды. Жай, кішігірім кафелердің жұмысшыларының бір шыны шай ішуге көңіліңді аулап шақыруымен және келушілерді күтуімен салыстырғанда өз еліміздегі күшті деген ресторандарда тіпті олай кутпейтін секілді көрінеді. Ал теңіз бойымен жүріп серуендеуге не жетсін?! Бүкіл уайымың мен қайғыларың теңіздің толқындармен кетіп қалатындай. Егерде мүмкін болса осы қалаға қайта-қайта орала берер едім және сіздерге де бір рет болса да барсаңыздар өкінбейсіздер деп айтар едім.