Сталинград: отанға деген махаббат қыздан басталады

Сталинград: отанға деген махаббат қыздан басталады
жеке
блог

Соғыс туралы кино қашан да менен тек қорқыныш тудырады. Себебі, ол тарихта яғни біздің өмірімізде болған оқиғалар... Сталинградқа барарда осы қорқыныштан айырыла алмадым, кино басталғанда да... 

Маған ең әсер еткен көрініс киноның басында болды. Ол - солдаттардың өздері жанып бара жатса да жауына қарай ұмтылуы. Шынымен, бұндай оқиғалар өмірде болған. Біздің ауылда бір кісі осылай жанып бара жатып жауға қарсы шапқан, соғыстан қайтқан кісі осы әңгімені айтқан кезде сенбеуші едім, сол сәтте сол кісі көз алдыма елестеп кетті... 

Соғыс кезіндегі Сталинград қаласын азат ету кезіндегі 3 күніне арналған кино. Үш күндік өмір арқылы біздің елге соғыстың әкелген зардабын, ауырлығын  сезінуге болады. Мүмкін, соғыс берген нәрсе емес шығар бауырлық пен адамдық деген нәрсе. Бірақ, осы кинода сол анық сезіледі. 

Сталинград арқылы ағатын Волга өзенін қорғауға бір топ әскер Сталинград қаласына жіберіледі. Бір-бірімен соғыстың арқасында танысқан солдаттар бір-бірімен дос болып үлгереді. Олар қорғап жатқан үйдің 18 жасар қызы тұтқынға түсіп қалған еді, олар оны құтқарып алады. Осы бір қорқыныш пен батылдық бірге бой алған кішкентай аруға бесеуі бірдей бауыр басады. Біреуі қызындай, бірі қалыңдығындай, біреуі өзінің табынушысындай, біреуі құрдасындай ұнатады... Ал қыз байқұсқа тек соғыстың бітуі маңызды еді, дегенмен ер жүрек командир қыздың көңілін өзіне аудартпай қоймайды... 

Екінші бір Сталинград қызы да немістермен еді... Оның да бойында қорқыныш, соғыс бітсе деген тілек... Өмірде де кездесетіндей, соғыста да оған қарсы жақтың жігіті ғашық болады. Бірақ, совет заманында неміске жақындағандардың бәрін сатқын деп білген... Басқа ұлтта да, басқа ұлтқа да сезім, махаббат тән екенін ол кезде біздікілер түсінбеген... Себебі, олар сатқындар...  

Бес солдат өздеріне қорғауға берілген үймен қосы кішкене қыз Машаны да жан-тәнімен қорғайды. Қызға деген махаббатан отанға деген махаббаттың күші арта түседі. Себебі, сондай бейкүнә арулар мұндай соғысты көрмесе екен, солар жыламаса екен деген ер жігіттердің арманы отанға деген махаббаттарын күшейтеді....

- Отан үлкен, бірақ сен жалғызсың... Егер сен жоқ болсаң, біздің үміт те үзіледі.... Сондықтан сенің аман болғаның керек, сонда біз Отанды да қорғай аламыз!... 

Пы.Сы: керемет соғыс киносынан гөрі керемет романтикалық туынды шыққан сияқты. Сезім, адамшылық, бауырлық қашан да адамды баулап алады. Сондықтан да, ұмыт болып бара жатқан жат адамға беген бауырлық пен мейірімді сезіну үшін көруге кеңес берер ем. 

Аймакс жайлы бірер сөз: "киноға билет пе әлде басқа әлемге билет пе?" деген қанатты сөздері орынды таңдалған ба деймін, себебі аймакстан кейін басқа кинотеатрға барғың келмей қалады екен...