Стадиондағы жанкүйерлерінің көптігі жөнінен Еуропаның үздік 40 футбол клубы
блог
1. "Боруссия" Дортмунд – Сигнал Идуна Парк – жанкүйерлердің орташа келу саны 80 482 – бұл стадионның жалпы сыйымдылығының 99,7 пайызы
Рейтинг көшбасшысы – "Боруссия" Дортмунд. Германияда өткізілетін турлардың аздығынан "Сигнал Идуна Паркте" жалпы көрермен саны миллионнан енді ғана асты. Бірақ Дортмундтық Борруссияның үйдегі әрбір матчына тұрақты түрде 80 мың жанкүйер келеді екен. Осыншама жанкүйерлердің қолдауымен чемпионатты неге жеңіп алмасқа?
2. "Манчестер Юнайтед" – Олд Траффорд – 75 366 – 99,4%
Осы маусымда, "Олд Траффорд" трибунасындағы көрермендер саны миллионнан асқалы біраз болыпты. Бұл әзірге әлемдегі ең ең жоғарғы көрсеткіш.
3. "Барселона" – Камп Ноу – 72 573 – 73,0%
"Барселонаның" ерке-тотай жанкүйерлері стандиондарын әрбір матчта толтыра бермейді. Тек жоғарғы деңгейдегі матчтарда ғана толады. Есесіне бұл стадион Еуропадағы ең үлкен стадион. Ол өзіне 99 354 көрермен сыйдыра алады.
4. "Реал" Мадрид – Сантьяго Бернабеу – 70 385 – 88,0%
Ал "Реал" орта есеппен 88%-ға толады екен. Ал бұл стадионның сыйымдылығы 85 454 көрерманді құрайды.
5. "Бавария" Мюнхен – Альянц-Арена – 69 000 – 100,0%
"Бавария" – осы маусымдағы аншлаг саны жөнінен лидер. "Баварияның" әр матчында стадион лықа толады екен.
Тоғыз жолдың торабында орналасқан "Альянц Арена" жанкүйерлер үшін әлемдегі ең қолайлы стадиондардың бірі. Сол үшін сыйымдылығы аз болса да, 2012 жылғы УЕФА чемпиондар лигасының финалын дәл осы стадионда өткізу туралы шешім бір ауыздан мақұлданған.
6. "Шальке-04" Гельзенкирхен – Велтинс-Арена – 61 079 – 99,0%
300 мыңға жетпейтін тұрғыны бар Гельзенкирхенде әрбір екінші адам "Шалькенің" үй матчына барады екен. Ол жерде қарауға тұрарлық матчтар көп болады.
7. "Арсенал" Лондон – Эмирэйтс Стэдиум – 59 966 – 99,4%
"Арсенал" 60 мыңға сәл-пәл жетпей тұр. Бұл Англияның сыйымдылығы жөнінен, Манчестердегі "Олд Траффордтан" кейінгі екінші стадионы екенін атап өтейік. Сатылмай қалған қонақтар билетін санамағанда, Арсеналдың осы маусымдағы сүреңсіз ойындарына қарамастан, жанкүйерлер барлық билеттерді сатып алған.
8. "Штутгарт" – Мерседес-Бенц Арена – 54 630 – 90,4%
"Штутгардтың" ескірген стадионы да (алағның трибунадан алыс болуы) Еуропаның үздік ондығында
9. "Герта" Берлин – Олимпиаштадион – 53 244 – 71,7%
"Герта" бұл маусымда үлкен футболға қайта оралды, енді жақсы ойынды ғана қайта табу керек. Таңқаларлық жәйт, Герта былтыр Германияның екінші бундеслигасында ойнаған кезде де, Еуропаның келушілері ең көп командасының арасында болған.
10. "Гамбург" – Имтех Арена – 52 986 – 93,0%
"Гамбург" – Германияда ойыны жөнінен тек 14-ші команда, бірақ стадиондағы жанкүйерлері жөнінен Еуропада 10-шы.
11. "Боруссия" Менхенгладбах – Боруссия Парк – 51 554 – 95,4%
Былтырғы маусымда төменгі лигаға ұшып кетуге шақ қалған Мёнхенгладбахтық Боруссияның биылғы әдемі ойыны стадионға келуші жанкүйерлер санының артуына басты себепші болды. Егер бұл клуб Чемпиондар Лигасына жолдама алатын болса бұл көрсеткіш 100 пайызға жетуі ғажап емес.
Рейтингтің қалған үш ондығы келесідегідей:
12. «Аякс» Амстердам – Амстердам АренА – 49 553 – 95,9%
13. «Селтик» Глазго – Селтик Парк – 49 441 – 81,3%
14. «Ньюкасл Юнайтед» – СпортсДирект Арена – 49 433 – 94,4%
15. «Милан» – Сан Сиро – 48 474 – 60,5%
16. «Манчестер Сити» – Этихад Стэдиум – 47 037 – 98,4%
17. «Кёльн» – РейнЭнерги Штадион – 47 006 – 93,9%
18. «Рейнджерс» Глазго – Айброкс Парк – 46 242 – 91,5%
19. «Ливерпуль» – Энфилд Роад – 44 826 – 98,8%
20. «Бенфика» Лиссабон – Эстадио да Луж – 44 338 – 67,5%
21. «Ганновер 96» – АВД-Арена – 43 936 – 89,7%
22. «Фейеноорд» Роттердам – Де Кёйп – 42 885 – 85,8%
23. «Интер» Милан – Джузеппе Меацца – 42 821 – 53,5%
24. «ПСЖ» Париж – Парк де Пренс – 42 149 – 92,2%
25. «Челси» Лондон – Стэмфорд Бридж – 41 553 – 99,3%
"Челсидің" үлкен проблемасы үмітті ақтамаған Фернандо Торрес қана емес. Роман Абрамовичке бапкерлердің жұмысы жайлы емес, стадионын үлкейту туралы ойланғаны дұрыс сияқты.
26. «Кайзерслаутерн» – Фриц-Вальтер-Штадион – 41 178 – 82,7%
27. «Атлетико» Мадрид – Висенте Кальдерон – 41 154 – 75,0%
28. «Нюрнберг» – ИзиКредит Штадион – 40 595 – 83,6%
29. «Олимпик» Марсель – Велодром – 40 551- 67,6%
30. «Вердер» Бремен – Везерштадион – 40 508 – 96,2%
31. «Наполи» Неаполь – Сан Паоло – 40 332 – 67%
32. «Сандерленд» – Стэдиум оф Лайт – 38 624 – 78,8%
33. «Бетис» Севилья – Бенито Вильямарин – 37 714 – 73,5%
34. «Рома» Рим – Стадио Олимпико – 37 714 – 51,5%
35. «Валенсия» – Месталья – 37 692 – 71,7%
36. «Ювентус» Турин – Ювентус Стэдиум – 36 894 – 90%
37. «Севилья» – Рамон Санчес Писхуан – 36 308 – 79,8%
38. «Тоттенхэм Хотспур» Лондон – Уайт Харт Лэйн – 36 083 – 99,6%
39. «Айнтрахт» Франкфурт – Коммерцбанк Арена – 35 331 – 68,6%
40. «Шахтер» Донецк – Донбасс Арена – 35 322 – 68,6%
Сатылған билеттердің максималды проценті – «Аугсбург» – СГЛ Арена – 30 903 – 101%
Бундеслигаға жаңа келген «Аугсбург» жанкүйерлері ойынды стадионнан көруге өте құмар. Сондықтан көрермендерді межесінен көп кіргізуге тура келеді. Германияда мұндайда болады екен...
Ресейдегі жанкүйерді ең көп жинайтын клуб – «Кубань» Краснодар – Кубань – 20 069 – 64,6%
Алғашқы ондықта Германияның 6 командасының орналасуы, бұл елде футболдың өте жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқанын көрсетсе керек
Ал Қазақстандағы жанкүйер көп жинайтын клуб - былтырғы маусым бойынша "Шахтер" - "Шахтер" стадионы - Қарағанды - 9015 адам - шамамен 47%.
Бұл 19 000 адам қабылдай алатын стадионға Қазақстан футболы үшін жақсы нәтиже десек те болар...
Соңғы 7 жылда 4 рет ең көп "посещаемостьтты" жеңіп алған "Ақтөбе" ФК-ның стадионы жыл бойына шамамен 68 пайызға толыпты. Бұл орта есеппен алғанда әр матчқа 8 688 адамның футбол қарауға келетінін көрсетеді.
P.S. Осы біздің Қазақстандық футболшылар УЕФА туы астында ойнап жүрсе де, қашан сол Еуропалық сападағы футбол көрсетеді екен???
Айтпақшы сүреттер орысша Уикипедиядан алынды)