"Спорттық тағамның пайдасы неде?"
блог
1. Спорттық тағам қоң жию, яғни, бұлшық ет массасын арттыру процессін жылдамдату кезінде пайдалы. Ауыр жаттығулар кезінде бұлшық еттің дамуы үшін адам ағзасына өте үлкен көлемде энергия мен ақуыздар қажет. Біріншіден, көп энергия жаттығуладның өзіне қажет, мысалы үлкен ауырлық түсірулермен, штангалармен жұмыс істегенде көп куш керек. Екіншіден, жиі жағдайларда спортсмендерде ақуыздың және тағы басқа нәрлі заттардың жетіспеуінен бұлшық ет тіні нашар өседі. Сондықтан да спорттық азықтық қосымшалардың негізгі мақсаты адам денесін пайдалы заттармен қамтамасыз ету.
2. Спорттық тағам өте ауыр, әурелеп шаршататын жаттығулардан кейін адам ағзасын, оның ішінде бұлшық ет, жүйке және иммунитет жуйесін тез арада қалпына келтіреді.
3. Спорттық тағам бұлшық ет бедерін жақсарту кезінде, демек "сушка" кезінде көмек бола алады. Себебі, тері асты майдан құтылу үшін май мен көмірсулармен қоректенуге шектеу қою керек. Бірақ бұлшық ет массасын жоғалтпай сақтау үшін спорттық тағам қажет. Ол сіздің ағзаңызға керек мөлшерде витаминдер, минералдар және ақуыздарды жеткізіп тұрады.
4. Спорттық тағам күн тәртібімен қиындық туылған кезде де көмек бере алады. Егер сіздің кун тәртібіңіз окудың немесе жұмыстың арқасында күрделі болып кетсе және дұрыс тамақтануға мүмкіндігіңіз болмаса, онда спорттық тағамды рационды молайту және денені сақтау үшін қосымша ретінде қолдануға болады. Мысалы, гейнерлер - құрғақ жоғары құнарландырылған тағам, оның ұнтағын shaker-ге салып, тамақтанғыңыз келгенде сумен араластырып ішуге болады.
Спорттық тағам - қазіргі күнде жаңа азық түлік құралы болып табылады. Алайда оның тек негізгі тамақтану рационына қосымша тағам екенін ұмытпаңыз. Оны керектігіне қарай қолдануға болады, мысалы, қысқа мерзімде салмақты аздату немесе арттыру. Сонымен қатар, ең маңызды ескерту, анаболиктік стероидтар спорттық тағамға жатпайды! Бұл рұқсат етілмеген химия, допингтің бір түрі.
Қорытындысында, қазір спорттық тағамды шығаратын компаниялар көп (Muscle Pharm, Optimum, т.б.) Әрине, олардың әрқайсысы сапалы емес, әсіресе ғаламтордың дүкендерінен сатып алынған заттар. Сондықтан таңдау кезінде абай болыңыз!
П.С. Жарнама деп ойлап қалмаңыз, бірақ Алматыда, Розыбакиева мен Абай көшелерінің бойында бір жақсы спорттық тағамды сататын дүкен бар.
Назарларыңызға рахмет!
Рабиға Шынтасова