СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ САҢЫЛАҒЫ – 50 ЖАСТА
блог
Қазақ спорт журналистикасында табанды еңбегімен, ел құрметіне бөленіп жүрген қаламгерлердің арасында шоқтығы биік бір жанды ерекше атағым келеді. Ол Мұсағали Тасқалиев. Осы журналистика саласынан қоныс аудармай, көп жылдар бойы тер төгіп ел алғысын алып жүрген бұл азаматқа спорт сүйер қауымның ықыласы ерекше. Қоныс аудармай деген сөзімнің түп мәніне келтін болсақ,көптеген жас журналистер айтулы салағы екпендіп келіп, ауыртпалығына шыдамай еңкейіп кетіп қалып жатады. Заман ағымына қарай, жеңіл жолда табыс көзі дұрыстау жаққа бет бұрады. Ал, шындығында журналистика мамандығына жаныңның қалауымен, қандай ауырлық кездессе де төзуге дайын болып келмесе еш нәтиже болмайды. Бұл аксиома. Міне, осы жағынын алғанда, Мұсағали Тасқалиев көпке үлгі болып жүрген қоғамдағы нағыз белсенді, жазуы өткір, бағыты дұрыс ардақты ардагер қаламгердің қатарына жатқызар едім. Мұсағали Сабырғалиұлы жыл сайын өзі ашқан төл туындысы «Спорт жұлдыздары» журналы мен бірге Қазақтың Спорт және Туризим академиясы бірігіп, жылдың үздік спортшыларын, үздік аудан, облыс және үздік спорт мектептерін марапаттайтын дәстүрлі шараның ұйытқысы болып келеді. Бұл шара спорт саласында тер төгіп жүрген жандарға шабыт беретін үлкен бір құрмет болып саналды. Мұсағалидың «Спорт Жұлдыздары» мен «Білім нұры» журналдары бүгінгі таңда ақпарат айдынындағы ел іздеп, сұрап оқитын спорт журналының біріне айналды. Өйткені, ол журналда еліміздің әр өңірінде өтіп жатқан спорт сайыстары мен спорттың шыңына жеткен тұлғалар туралы сараптамалық түрде баян етіліп отырады. Ал, спорт тақырыбында мерзімді түрде шығатын журналдар қазір жоқтың қасы. Сол тұрғыдан қарағанда Мұсағалидың журналын көшбасшы деп айтуға болады. Сондықтанда оқырманның сүйікті журналанының бірі. Мұсағалидың тағы бір ерекшелігі оның ақынжандылығы. Оның қаламынан туған жырларды бүгінгі күні еліміздегі маңдайалды әншілер ел ішінде айтып жүр.Сонымен қатар,жүрегінен жарып шыққан жырлары екі кітәп болып басылып шықты.Ұлтжанды арда азаматтың бойынан, өмірге,елге деген сүйіспеншілігі мен қоғамдағы белсенді өмірін көріп, «-бар бол бауырым»-деп қуанып қаласың. Міне, бүгін осындай ел құрмет еткен асыл азамат елуді еңсеріп отыр. Ердің жасы елу-демекші, қазақ спорт журналистикасында өзінің қолтаңбасын қалдыра білген қарымды қаламгер,Қазақ Спорт және Турзим академиясының құрметті профессоры, ақын Мұсағали Сабырғалиұлы Тасқалиевтің думанды мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық, сарқылмас бақыт, баянды ғұмыр, отбасының амандығын тілеймін!
МЕНІҢ ДОСЫМ 50-ДЕ
Мұсағали досым бар Ақтөбеде тұратын,
Қабырғалы қаламгер, тұлпар сынды шабатын.
Шабыттанса ақын ғой, жырлары бар тартымды,.
Оқырманы риза боп, рахаттанып қалатын.
Ақын аз ба қазақта махаббатты жырлаған?
Бұл тақырып талай түн, ұйқыны да ұрлаған.
Мұса жазған жырлардан, сезім сырын ұғасын,
Шумақтары па шіркін, жанынды оттай баураған.
Ел спорты дегенде, Мұса атқа қонады,
Сапарлатып тынымсыз, болып жүр елдің қонағы.
Журналымен қазаққа қанша жанды танытты,
Сауап жинап жан досым, көңілі таудай болады.
Қуаныш пен қайғы да досын іздеп баратын,
Үлкенге ізет, кішіні құрмет тұтып тұратын.
Жүрегі ақ жомарт жан, Кіші жүздің батыры,
Ат мінгізіп досына, жүген ұстап қалатын.
Ер жігітке елу жас жарасады бауырым,
Бір топ елін артында, еріп жүрген қауымын.
Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері секілді,
Серісің ғой сенде бір, басылмай жүрген дауылын.
Кейде досқа жете алмай сағынумен жүреміз,
Қиыр шетте тұрасын, оны жақсы білеміз.
Жүрген жерін той-думан, жарасымды әзіл ғой,
Өткен күнді еске алып, жадыраймыз, күлеміз.
Ердің жасы елуін құтты болсын жан досым,
Ырыс қонып үйіне, дастарханың мол болсын!
Сапардасын үнемі, қаламынды қолға ұстап,
Алдын ашық әрқашан, сайраған ақ жол болсын!
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ