СПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
блог
Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен Алматы студенттер Альянсы ұйымының ұйымдастыруымен 27 қазан күні «Атакент Молл» ОСО орналысқан Гравити батут орталығына мүмкіндігі шектеулі жастар барып қайтты.
Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл жоба арқылы мүмкіндігі шектеулі жастардың спортқа деген қызығушылығы артты. Бір сағат ішінде өздерін әуеде қалықтағандай сезінген жастар, қуаныштарын жасыра алмады. Жастар әр түрлі ойын алаңдарына барып ойнап, уақыттарын қызықты өткізді.
Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.