Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің (бұдан әрі - ОМ ҒТҚА) қызметкерлері, В.Е. Печерских, Ж.Ә. Қаламбаева және Ә.Қ. Еркенова республикамыздың сәулет саласына еңбегі сіңген сәулетші, атақты зерттеуші және қоғам қайраткері Спиридон Георгиевич Космеридидің 90 жылдық мерейтойына орай Қазақ Бас сәулет құрылысы академиясы өткізген іс-шараға қатысты. С.Г. Космериди - ОМ ҒТҚА жеке тектік қорларының ішіндегі алғашқы жеке қор құрушы. Ол қазақстандық сәулет өнерінің аңызы, қазақстандық мектеп салған алғашқы сәулетшілердің бірі. Сәулетші С.Г. Космериді Қазақстандағы мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету ғимараттарын жобалау әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі деп есептеуге болады. Ұжымның атынан архивистер мерейтой иесіне құттықтау хат тапсырып, сый-сияпат жасады. Шара барысында Спиридон Георгиевич туралы мерейтойға арнайы дайындалған деректі фильм көрсетілді. Аталған фильм ОМ ҒТҚА архивінде, С.Г. Космеридидің жеке тектік қор құжаттары негізінде түсірілген.
Әйгерім Еркенова,
ОМҒТҚА Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің архивисі