Сөз тамшысы

Сөз тамшысы
жеке
блог

Сағат Әшімбаевтің сыни мақаларына сын

(Парызға лайық парасатты сөз. Жарасты жас керуен. Күрмеуі мол күрделі тақырып.)

 

Әдебиет, ол-ешқашан өлмейтін,өшпейтін рухани дүние. 

Габриэл Гарсиа Маркес

Тарих өз парағын,келешекке толтыртқан сайын,жылдар кезеңдеріндегі уақиғалар да толастай түседі. Дегенмен оның бәрі жаңаша қалыптасқан дүниелер емес,бұрыннан бергі айтылып келе жатқан жағдаяттар. Тек оны өз межесіне келтіріп айту тарихшы мен әдебиет жанашырының басты парызы. Ал,ол парыз - кез келген дүниені ұстаның бұйымындай етіп,көз қызықтырарлық дүние етіп жасай білетін сыншының ерең еңбегі.

Әдебиеттегі туындылардың дәл осындай биік деңгейден көріне алуы,қаламгер ойымен,ол ойды сынға алушы сыншыға  тікелей байланысты.

Сондықтанда,әдебиетте-сыншылардың алар орны ерек,-деп ауыз толтырып айтсақ та артық емес.

Қазақ әдебиетінде,сыншылдықтың көш бастаушысы,ірі тұлғаларымыздың бірі  Ғ. Мүсірепов еді. Одан соң осы ізді жалғастырушылар; Қаратаев,Әбдірашов т.б-ры. Солардың соңына  ергендердің бірі публицист,сыншы- Сағат Әшімбаев ағамыз еді.

Десекте,сыншымыз- әдеби,рихани ортада алар орны ерек,өзіндік жолы айқын  өнер йесі еді.  Сағат ағамыздың өзі өмірсүрген  тұсында,қатарластарының айтуы бойынша,өте әділ кісі,әрі сыншылдыққа жан-тәнімен берілген  жан болса керек-ті. Содан болар ол кісі бір сөзінде;

«Сыншы,шығарма йесінің  абырой беделіне емес,оның жазған туындысына баға беруі тиіс»-,деп ой пайымдайды.

Сағат ағамыздың,осы күнге дейін жазған еңбектері,сыни мақалалары әсте көп. Мәселен,солардың бірі, «Парызға лайық парасатты сөз» -атты сыни  тұрғыда жазылған мақаласына зер салып қарар болсық;

Бұл мақала желісінде,сыншының айтқысы келгені,әрбір өнер йесінің өз жұртының мәдениет-дәстүрімен шектеліп қана қоймай,өзге жұрт мәдениетін өз жұртына ашық насихаттасам – деген ой серпілісін болатындығын санамызға  оп-оңай сіңірте алды.

Сонымен қатар «Зер қадірін зергер біледі»-,демекші,сыншы бір сөзінде;

«Досыңа достық парыз іс,керісінше қарыз іске айналып ақиқаттың алмас жүзін тот шалады. Сондықтанда сын керек жерінде сын айтпау,сыни баға бермеу ол –әдебиеттің құлдық торына оп-оңай түсуі»- десе,енді бір сөзінде;

«Өнер білімі баяғыдан бар жұрттардың сонысымен зор рухани дәстүріне көз салмау,үлгісінен үйренбеу алысқа апармаса керек»-деп,ой түйеді. Расында да,кешегі дәуірге көз салып қарар болсақ,

Ыбырай да,Абай да,Шоқан да  басқа алем әдебиеті мен мәдениетін өздері үшін емес,өз елінің ертеңі үшін оқып үйренген еді. Егер олар бұл істі жүзеге асырмағанда,кім біледі  бұрынғы таптық тұрғыдан әлі де шыға алмай жүрер ме едік.

 Яғни басқа әлем мәдениетін үйрену деген сөз-оларға еліктеу емес,олардың мәдениетінің ерекшеліктерін бойымызға сіңіре отырып өз мәдениеттімізді жетілдіру,дамыту еді. Сыншының да басты айтқысы келген ойы осы болатын.

Сыншының әр мақаласында да негізгі ойдың басты нүктесі- көру,білу,біле отырып үйрену,және соны кейінге дөп басып насихаттау. Оған дәлел,сыншының «Күрмеуі мол күрделі тақырып»  атты мақаласындағы ой еді.

Бұл мақалада сыншы,өзге ұлт өкілдерінің ұлы тұлғалары туралыс сыр шертеді. Мақала өте керемет сарапталған. Оған дәлел ұлы тұлғалардың,еңбектерінің қалай өмірге келуінің пайымдалуы,әрі олардың шыншылдықты айқын көрсете алуына негізделуі. Сыншы өзі сөзін аяқтай келе-қазақ жұртының, қазақ әдебиетінің кемшіл жақтарында айқын атап көрсетуінде. Мәселен,ол-

Маған Ш.Айматовтың шығармалары өздіндік ерекшеліктерімен әлем әдебиеті ұлыларының туындарына ұқсас деп айта аламын,себебі онда шынайылық және трагедия бар-дейді. Біздің жазушыларымыздың  қателігі де осында. Себебі,олар трагедияға жақындамайды. Керісінше,оқырманның ой санасы қараяды деген үрей шеңберінде трагедиядан алшақтай түседі. Ал ол қате пікір,қате ой-деп атап айта аламын-дейді. Мұның өзі де ақылға қонарлық дүние,осының өзінен де біз,көп нәрсені ұға аламыз. Мүмкін біздің артық тұсымызда осы болары сөзсіз әдебиет әлемінде.

 Біздің тарихымызда-тіл мен діл және діннің  сан ғасырлар бойы бұрмалануы,қиындықты бастан өткеруіміздің бірден-бір себебі. Мұның бәрі де тарих беттерінде анық көрсетілген. Тек әттеген-ай дейтін жеріміз,өзіміздің қызғаншақтығымыздың әсері, кей жерлеріміздің жыртық-тесігін бітей алмауызға әкеліп соқтыруда. Осы тұрғы да сыншымыз «Жарасты жас керуен» мақаласында бірнеше мәрте  ойды түрткілей жазып кеткен.

Қарапайым ғана мына ойдың өзі,

Қазақ әдебиеті  жолында өз өмірін құрбан еткен Мұхтар ағамыздың,кейінгі жастарға айтары мол,берері зор еді. Көштің басын-бастап кейінге қанат сілтеген ағамыз,ақтық сапарға аттанар алдында,кейінге жол сілтендер,кейінге –деп соңғы сөзің аяқтап еді. Жақсының жақсылығын айт,мерейі тасысын-демекші,кейін Мұхтар ағаға арнап қаншама еңбектер шықты, солардың бірі  1961 жылы шыққан 12-томдық шығармашылық жинағы еді.Әттең бірақ осы жинаққа ,ақтық сөзінің жазылмай қалуы өкінішті –деуінің өзі не тұрады десеңізші. Бір жағынан татымды ой желісін,екінші шағынан қазақ зерттеушілеріміздің  кем тұсын батыра  жеткізіп тұр емес пе,оқырманына.

Қаншама ойлардың жетегінде жүріп,сол ойларға бағыт-бағдар сілтей алу, ол-екінің бірінің қолынан келе бермейтін қасиет. Ал біз бұл қасиетті тек,Сағат ағамыздан ғана байқай аламыз. Оның шығармаларындағы ой ,әрине қазақ  руханиятын жамандау емес,оның қателігін көрсете отырып,түзету еді. Расында да өз қатемізді  бүгін өзіміз түземесек, ертең өзгенің түзері де анық,ал ол бізге үлкен сын болары сөзсіз. Қасқырдың аузына түскен ажалды түлкідей дәрменсіз қалуымызда мүмкін еді. Керісінше осындай қателігімізді  немесе ерекшелігіміз дер кезінде көрсете алған сыншымыздың,ортамыздан алар орны зор деп айта алар едім.

 Досжан Нұрболат