Сөйлесе
блог
Ақырын сөйлесе – ақылмен айтып ұқтырады көп жайды,
Ақырып сөйлесе – қаһарланып кетер, мазаңды алып.
Ойланып сөйлесе – арнасында толқып ағар өзендей телегей,
Толғанып сөйлесе – тебіренген терең, тұңғиық көк теңіздей.
Жайлап сөйлесе – көп істі қиюластырып тетігін табады,
Жынданып сөйлесе – аласұрып, өкіреңдеп, кеудесін қағады.
Өтірік айтып сөйлесе – не жақсылық, одан қайтып оңалды?
Шын пейілмен сөйлесе – өмір жадырап салтанат құрады!
Арам пиғылмен сөйлесе – жетпей мақсатқа,түбі мақұрым болады,
Адал ниетпен сөйлесе – дүние құлпырып, жайнап салады.
Сартылдап сөйлесе кей адам, нөсерді ойға алдырар,
Сақтанбай сөйлеп кей жандар аяқтан ақсатып, шалдырар.
Боқтап сөйлесе кей адам, ойлайсың, аузының өзі «боқ па»- деп,
Мәнерлеп сөйлесе шын шешен, қаласың «бұдан тәтті жоқ!»- деп.
Жымпиып тұрып жайыңды табатын жылымдар болса, одан сақтасын,
Жайлап жүріп-ақ бар жайыңды шешетін жанашырларды
О,тәңірім! Қолдасын!