СОҢЫМНАН ЕР... (FOLLOW ME TO…)
блог
Сіз ғаламтордағы әр түрлі сайттарда немесе әлеуметтік желілерде құпия сұлудың қолынан ұстап, оның соңынан ерген жігіттің көптеген суреттерін байқаған шығарсыз?
Бұл ерекше фотожоба фотограф Мурад Османның авторлық жобасы болып табылады. Мурад Османн Дағыстан тауларының тумасы. 1985 жылы дүниеге келген. Мәскеу қаласына 1990 жылы көшіп келген, сол кездің өзінде-ақ фотограф болғысы келетіндігін түсінген. Ал 2001 жылдан бастап ол Ұлыбритания астанасы Лондон қаласының тұрғыны. Бұл жобаның алғашқы туындысын (фотосуретін) 2011жылдың күзінді түсірген. Бүгінгі таңда оның Instagram-дағы жазылушыларының саны 350000-нан астам адамды құрайды.
Оның фотосуреттерінің кейіпкері журналист әрі ғашығы Наталья Захарова. Наталья Германияда туылған, бірақ өзінің туған қаласы ретінде Ижевск қаласын санайды. Фотосуреттерді дайындап болғаннан кейінгі уақытта туыстарына, ата-анасына барып, олармен қауышуға асығады. Бұл жұп Әлемді бірге аралап, керемет фотосуреттерді ұсынудан жалықпайды.
Бұл идея дүниеге қалай келді? Бірде олар Барселона қаласында қыдырып жүргенде Мурад ғашығын суретке түсіргісі келгенде Наталья қызықты жерлерді көруге асығып, оның қолынан ұстап, объективке арқасын көрсетіп, кетіп бара жатқанда Мурад суретке түсіріп үлгереді. Кейін олар керемет жоба шыққанын байқайды. Бүгінгі таңға дейін Наталья қызықты жерлерді көруге асығып, Мурад оны түсіріп келеді.
Фотосуреттер http://ifamous.me/ және http://fishki.net/ сайттарынан алынды.