Соңғы кездері әнші болуға құштарлығым артып жүр. Оған себеп қазіргі таңда телеканалдардан беріп жатқан шоуларды көп көремін. Соларға қарап қызығатындықтан болу керек. Тағы тойларда көп жүремін… Тойда неше түрлі әншілерді көресін. Барлығы келеді де тойды қыздырып бәрін билетіп кетеді.
Мүмкін арласатын адамдардың көбісі өнер адамдары болғандықтан баааа… Білмейм әйтуір :-))
Бір жағынан қазір айта алмайтын әншілер көбейіп кетті. Соларды көріп БҰЛАРДАН ҚАЙ ЖЕРІМ КЕМ деген де ой келеді. Бірақ солар сияқты жұртқа күлкі боламынба деген ой әнші боламын деген ойдан қайтарады.
Бір жағынан шоу бизнестен хабарым бар… Халықпен қалай сөйлесу керек, Көшеде өзіңді қалай ұстау керек, көпшілік ортада өзіңді қалай ұстау керек, сахнада өзіңді қалай ұстау керек, қай жерде қалай киіну керек бұлардың бәрінен хабар бар.
Ал ән жағына келетін болсақ, музыкалық білімім жоқ. Нота, 1-ші дауыс 2-ші дауыс, подпевка, Бэк-вокал дегендерді 5 %-ке білемін :-)) Даусым мықты деп айта алмаймын, бірақ қазір айтып жүрген өтірік әншілемен жарыса аламын:-) Музыкалақ білімім жоқ болғандықтан әнші болуға талпынып жүрген жоқпын. Бірақ өлең айтқанымды, даусымды естігендер әнші болсай деп адамды қайта ән айтуға құштар етіп қояды...
P.S. Аллаһтың кереметі болып әнші болып кетпесем әнші болуға әрекет жасағым жоқ :-))