Соңғы хат!

Соңғы хат!
жеке
блог

       Саған бақыт тілеп, қоштасу хатын жазам деп ойламаппын. Мен үшін ең ауыры да осы. Сүю, сүйе тұра бастарту... Бұл сенің маған үйреткенің. Сенің үйреткеніңмен ғұмыр кешіп көрейін. Бәлкім бағымды табармын. Сені бақытты ете алмасам да,өзге бір жанды бақытты ету үшін күресіп көрем. «Сені кешірген күннің өзінде достарымның көзіне қалай қараймын?»- дедің. Біз бір-бірімізді қимай қоштасқан жандармыз. Сен менсіз, мен сенсіз күніміз өтеді деп ойлаймыз... Осы ой арқылы таңды атырып, кешті батырамыз. Осы ойымыз үшін өзімізді бақытты сезінеміз. «Әлемде одан өзге жан жоқ па», -деп өз-өзімізге сұрақ қоямыз. Іштей сол сауалдың жауабын айтсақта сыртқа шығарып айтуға батылымыз бармайды. Сенесің бе сені мұншалықты қырсық деп ойламаппын. Сенің мінезіңді жұмсақ десемде ашуланғанда тым қатал екенсің. Мен сені кездестіргенім үшін бақыттымын. Сені өзге жанға тұрмысқа шығады, өзгенің құшағынан табылады деп еш ойламаппын. Сені өзгенің құшағынан көрмек түгілі өзге бір жат жанның жанынан көрем деген ойдың өзі мақтамен бауыздағандай дәрменсіз күйге түсіретін. Бірақ, өмір өзекті жанға бағынбайды. Оған енді ғана көзім жеткендей. Ия. Мен кешіктім сендік бақыттан, жүйткіген жүрдек поездай уақыттан кешіктім. Жемір жерге тамған сендік тамшы жасың үшін қашанда айыптымын...

   Мен сені ұмытқан емеспін, тіптен ұмытпақ ниетімде болған емес. Сені ұмытқаным жадымнан айырылып мәңгүрт жан болғаным...