Сұлтанның үйі қала өмірінен алшақта орналасқан. Ірі мегаполис сыртындағы шағын өзен жағасында. Өткен ғасырда салынған үй. Сондықтан мұнда адамдардың қарасы көп көріне бермейді. Сұлтанның өзі де көпшілік ортаны жақтырмайтын, момындау мінезі бар.
Сондықтанда болар күнделікті өмірі бірқалыпты, жалғыздықпен өтеді. Бірақ тек бүгін емес секілді.
Ұйқысын ескірген фургон маторының даусы оятты. Кім болды екен деп сыртқа шыққан болатын, почта көлігі. Қызметкер есік алдында күтіп тұрған үй иесіне беттеді.
-сәлеметсіз бе? Жұмбақтас трассасы 33үй ме?
-иә, сол үй!
-сізге сәлемдеме. Мына жерге қолыңызды қойсаңыз!?-деді де почта мәшинесі ауыр күрсініп келген жолмен кері қайтты. Сұлтан машина көзден ғайып болғанша ұзақ қарап тұрды. Бар ойы бұл хат кімнен келуі мүмкін?
Түріне қарасаң жақын күндері оралмаған. Тым ескі. Не болса да келген екен көрейін деген оймен ішін ашты.
Сурет және бүктелген бір қағаз. Өте ескі. Хаттың түсі кетіп, сарғайған. Сурет те бұл заманғы емес екені көрініп тұр. фотода сарбаз бейнесі. Бірақ, бұл кім? Неге менің үйіме жіберілген? Сірә, қателескен болу керек деген оймен хат сыртындағы почта бөлімінің штамп нөміріне хабарласты. "Бұл нөмір жүйемізде тіркелмеген" деген оператор дауысы. 1944 жыл, желтоқсан. Қызылорда обылысына бағытталған екен. Польшадан. Сұлтан ештеңені түсінер емес. Қызылорда қайда, Польша қайда? Неге бұл сәлемдеме оған жетіп отыр?
Хатты ашып ішін оқи бастады...
"Аманбысың, жарқыным? Соңғы жазған хатыңды оқыдым. Араға жыл салып келген сезімің. Кестелі орамалың. Иісіңді сағыныппын. Көзіме жас алдым. Осыған дейін бірнеше рет жаздым депсің. Ол хаттарың маған жетпеді. Тұрағымызды жиі алмастырған соң таппаған болар. Елді сағындым, өзіңді сағындым, күнім! Есенмін, аманмын. Ыстық сәлеммен, Сұлтан!"
Сұлтан?! Бұл есімді оқығанда тіптен абыржып кетті. Жауынгер бейнеленген фотоға қайта қарады. Артында бір жазуды көрді. "Бекмурзаев С."
Тынысы тарыла бастады. Өзінің тегі. Не болып жатқанын түсінер емес. Қалай?
Суретке бір қараумен, хатқа бір қараумен аң-таң.
Кім екенін Ғаламтордан қарап көрмек болды. Нәтижесіз. Тек өзі жайлы ақпараттар. Хаттың бағытталған мекен-жайын терді. "Қызылорда облысы..."
Бағына орай сол адрес әлі де бар екен. Тіпті телефон нөмері де тіркеліпті. Дереу хабарласуды жөн санады. Көп күттірмей тұтқаны орта жастан асқан әйел көтерді. Қалыпты сәлемдесуден соң, Сұлтан бүгін басынан өткен жайды баяндап берді. Бұл жауынгер Бекмурзаев Сұлтанның жалғыз ұлынан тұған немересі екен. Хатты осы мекен жайға қайта жіберуді өтінді. Сұлтан жақын арада Қызылордаға арнайы барып, бұл аманатты өз қолымен тапсыратынын айтып, телефон тұтқасын қойды.
Араға бірнеше күн салып Әлгі үйге барып, біраз оқиғаларға қанық болды. Хат Хадиша есімді адамға бағытталған екен. Ол кісі бірнеше жыл бұрын өмірден озған. Ал әлгі жауынгер Хадиша әженің жұбайы көрінеді. Ұлы Отан соғысында 1944 жылдан соң хабарсыз кеткен. Ал, Сұлтанға келген хат уақытымен салыстырса, ең соңғысы екен. почта архивінде қалып қойған бұл сәлемдеме иесіне қайтарылсын деген желеумен Бекмурзаев Сұлтанға жеткен. Бүгінгі Сұлтанға!
Хадиша апамыз жауынгер күйеуін өмірінің соңына дейін күткен екен. Жауынгердің "соңғы хатында" оқымай, жарының жанына аттаныпты...