Сол қызға....
блог
Мәжнүн бе еді,Хафиз бе әлде кім еді?
Солардың хәлін кешіріп жатыр жүрегім.
Таң ата көрген түсімдей болып тым тәтті,
Көзімнің алдын кескестеп өтті гүл өңің.
Содан соң... Сосын...
Масайып қалған екем мен,
Ең соңғы мына бокалды сезімім үшін көтергем.
Байқамай сені бір сүйіп алған сәтімде,
Дір еткен жүрек тірілген қайта еті өлген.
Жібек шашңның әр талын өлең етем деп,
Мен қазір жүрмін жыр елін түнеп,мекендеп.
Қаланың қызы тұрмайды-ау сенің күлкіңе,
Сайтан көбелектердей жүретін түнде секеңдеп.
Мамырдың гүлі сияқты аңқып иісің,
Иіскей де алмай жүрмін ғой енді күй ішім.
Сен мені кешір артықтау кетсем сірә да,
Түсімде көрдім ессіз еріннің сүйісін.
Суретің сенің ғаламторлардан күлімдеп,
Ұнайтын еді телефондағы үнің көп.
Сендегі жүрек тек үнсіз жылап жатты да,
Мендегі жүрек тілінген тілім-тілім боп.
Қорқыныш барын сездіріп анау кеудеңде,
Серттескен едің ғашық боп енді көрмеуге.
Содан да болар сезімшіл сері ақынды
Батылың бармай "өл" деуге,яки "емдеуге".
Қаламым кезіп барады елсіз,елдімен.
Өлеңнен өрнек жамылып жатты бел күрең.
Тау жаққа қарап ұлыған бала бөрідей,
Сен жаққа қарап жыр жазып жүрмін енді мен.
Мәжнүн бе еді,Хафиз бе әлде кім еді?!
Солардың хәлін кешіріп жтыр жүрегім.......