Сол бір сәт

Сол бір сәт
жеке
блог

Күннің батуы бүгін де өте әдемі болды. Батқан күннің кызғылт реңктері шынымен де табиғат жаратылысы болғанына да сенбейсің. Өйткені бұндай көз таңқарарлық көрініс күндізгі өмірге қарағанда басқа. Яғни, шынымен де басқа. Ешнәрсеге ұқсамайтын кұбылыс. Жаңа сезімдер тудыратын көрініс. Мен түн уақытын әрдайым сүйетін адам болғанмын. Қазір де солай. Неге десеңіз? Жауабы өте оңай. Түн уақыты сені басқа әлемге апаратындай болады. Ешқандай артық дыбыс жоқ уақыт, ешқандай артық іс-әрекет жоқ құбылыс. Түнде барлығы да басқа болатындай сезімде боласын. Тып-тыныш. Бір өлеңнің шумағында мынандай бір жол бар: Түн уақыты таңертең айта алмайтын сөздерді айту үшін жаратылғанМен онымен келісемін. Меңімше, түн уақыты адамдарды да тыныштық күйге бөлейді. Олардың бұл бөлшектегі өмірі сезімдерге арналған. Сиқырлы бір түн. Ғажайып бір түн. Оның бітуін де қаламайсың. Себебі, күндізгі өмірде бәрі басқа. Шешу керек мәселер, бару керек жұмыстар, қаладағы шулы көшелер - осының бәрі түнгі жайлы күйінді бұрып тастайды. Бірақ, сонымен де үйге бара жатқан жолда бір көрініс көресің. Оған қарап, ішіндегі сезімдерін көбелек ұшкандай боп сезіледі. Себебі, қайтадан бұл керемет құбылыс көз алдында тұрады.