Сол бір күз
жеке
блог
блог
Күз келеді,сарғайтып жапырағын,
Төккізіп аспанынан жатыр әнін.
Құстары аттанғанда жылы жаққа,
Кешінде көріністі бақыладым.
Адамдар асығып бір жұмысына,
Кешігіп қалмауы үшін тырысуда.
Тіршіліктің барлығы тоқтай қалып,
Күз қырдың соры ма әлде ырысы ма?
Мен тұрмын қоңыр күзде мың ойланып,
Елітіп қайда кетер қайран шабыт.
Бейне бір қалғандаймын жалғыздықта,
Семсерін кезегенде қайран қағып.
Сағыныштың жетегінде кеткенмін,
Қымсыратып жүрегіме сепкен мұң.
"Бақытты бол" дедің де бір ауызбен
Бақытымның сен екенін білмедің...