сол баяғы...
жеке
блог
блог
сол баяғы...
Күз!
Біз!
Қыркүйектің самалы.
<<Бақыттымыз екеуміз!... мендей Ғали - Жамалы!>>
Сол баяғы орындық...сенің атың сақтаулы,
Ал менікі - ескіріпті шамалы...
Күз!
Біз!
Саябақтар сарғайған.
Сағындырып, қинаушы-ең!...хат жолдамай шалғайдан.
Сол баяғы еркелік - <<қылықты қыз>> тәрбиелі...
Бұл өмірде жолықтырған, мендік асыл - бар пайдам!
Күз!
Біз!
Жағалауы теңіздің.
Бүгін бір жыл!...екеумізге егіз күн.
Сол баяғы көпірде- біз кілттеген құлпымыз...
Бір символы секілді - Ғашықтық жыр,негіздің!
Аян Накпаев [29.09.2014 ж]