Күндердің ыстық күні. Күн көз шағылыстырып, өз сәулесін барынша шашады. Құстардың ән салған дауыстары адамды бесіктей тербетеді.
Ермек, жалаңаяқ жасыл шөп үстінде жүгіріп барады. Қайда барады екен?! Оның бүгін әкесі келеді. Қуанышында шек жоқ бала, тіпті аяқ киімін де киюге ұмытып кеткенін де қарашы. Екі езуі құлаққа жетіп, қас қабағы күнмен бірге жарқырайды.
Әкесі қай сапардан келеді дейсіздер ме?! Әкесі жарты айлық вахта жұмысында жасайды. Әкесі де өз Отбасын сағынып, жарты ай баласын көрмегеніне жүрегі елжірейді. Міне, әкесі де автобустан түсті.
- Әке, әке ,,, деген бала дауысын ести сала, әкесі бірден баласына бет алды.
- Балам-ау, азаматым...деп еркелеткен әке сөзінен артық жылы сөз бар ма?!
Міне, Ерсұлтан әкесін қарсы алып, енді үйге қарай бет алды.
- Әке, әке, біздің үйге қарлығаш ұя салды!-деп Ерсұлтан өз жаңалығымен бөлісіп жатыр.
- Шынымен бе? Қандай жақсы жаңалық! Қарлығаштармен дос болдың ба?! –дейді әкесі.
- Иә, мен оларға күнде көз салып жүремін. Әке, анам да қарлығаштар ұя салса, «жақсы нышан екен» дейді.
- Әрине, балам! Қарлығаштың құйрығы неге айыр екенін білемісің?
- Иә, әке, үйге жеткенге дейін қарлығаш аңызын айтып берейінші... ерте, ерте ертеде- деп Ерсұлтан үй қабырғасына жеткенге дейін, балабақшада тәрбиеші айтқан аңызын айтып берді.
Міне, үй бұрышына да жетіп қалды. Ерсұлтанның анасы есік алдына шығып, өзінің жары мен баласын қуанышпен қарсы алады. Отбасы бір үстел басына отырып, бас қосып, жақсы көңіл-күймен тамақтанды.
- Әке, жүріңіз, мен сізге қарлығаштарды көрсетейін...
Әкесі мен баласы қарлығаштардың ұясына да жақындады. Ұяның төменгі жеріне қарай, яғни, жерде кішкентай қара түсті бір нәрсе қозғалады. Ерсұлтан шошып, жанағы нәрсгеге жақындады. Қарлығаш екен... Жерде кішкентай қарлығаш жатыр, әлсін-әлсін қозғалады. Ерсұланның ішін бір түрлі аяныш сезімі биледі. Әкесі қарлығашты қолына алып, өз көмегін көрсеткісі келді. Қарлығаштың бір көзі соқыр екен. Бірақ, ұша алатын секілді. Бір кезде,
Жалғасы бар,,,