Соққы...

Соққы...
жеке
блог

Өзің жайлы...
Өлең жаздым сезініп сезімді әйгі.
Сенсіз,жаным,өткізген жалғызсырап...
Кезім-қайғы!

Бөлме.Түнек...
Саған деген бітпеген менде тілек.
Махаббатын жоғалтқан жүрек мына...
Енді өкінед!

Ырыс.Бақыт...
Ұзағынан келмеді-ау дұрыс та түк.
Жүргім келед қайтадан, қолыңа мен...
...Гүл ұстатып!

Хаттар жазғам...
Дерегіңді күтемін мақпал жаздан.
Мен ғана емес, бұл күні біз баратын...
Бақтар да азған!

Нала.Өкініш...
Жалғыздықтан жабығып жанатын іш.
Ұмыт бәрін.Ренжіме.Қасымда сен...
Қал...Өтініш!

Ойымда мұң...
Жүрегіңде,білемін,жойылды әнім.
Сені ғана шынайы сүйген екем...
Мойындадым!

авторы: Жандарбек ЖҰМАН

http://vk.com/zh.zhuman