Соғымға не сойдыңдар

         Кеш жарық, достар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Ауыл-аймақтарыңыз аман ба? Бауырларыңыз бүтін бе? Лайым бәрі жақсы болсыншы?! Ноутбуктегі мұрағатты ақтарып отырып, төмендегі анекдоттар топтамасын тауып алдым. Ылғи көркем шығармалар мен терең ойлы жазбаларды оқи бермей, арасында жеңіл күлкіге де кезек бергеніміз дұрыс болар, ә? Солардың бірнешеуін сіздердің назарларыңызға ұсынайын:    

Мейрам күні

Екі әйел әңгіме айтып отыр.

- Менің күйеуім қазір дұрысталды, арақ ішуін қойды. Тек мейрам күндері, кейде достарымен балыққа барғанда ғана ішеді

Сол кезде күйеуі келіп қалады...

- Әй, қатын, бүгін қандай мейрам?

- Бүгін ешқандай мейрам емес...

- Олай болса мен балыққа кеттім...

15 негр

15 негр шөлде келе жатып алтын құмыра тауып алыпты. Аузын ашса ішінен бір жын шығыпты.

Жын: -Мені босатыңдар, әр қайсыңның бір тілектеріңді орындаймын.

1-ші негр мені ақ адам қыл депті, бұл жағдайға 15-ші негр күлген екен.

2-ші негр де мені аппақ адам ет деп сұрайды, 15-ші негр тіптен қатты күліпті. 14 негр аппақ болған соң,кезек 15-шіге келіпті.

Жын: -Бағанадан күлдің ғой, тілегіңді айт.

15-негр: Бұлардың бәрін қайта негр қыл!

Соғымға не сойдыңдар

Сілімтірлеу бір жігіт бас құрай алмай жүріпті. Бір кезде жеңгелері оған бір қыз таныстырыпты да, «енді өздерің сөйлесіңдер» деп екеуін оңаша қалдырыпты. Сөзді неден бастарын білмей көп отырған жігіт бір кезде:  

- биыл қыста соғымға не сойдыңдар? - деп сұраған екен.

Былтырғы түскен жер

Бір қартаңдау әжеміз автобусға шыққан екен дейді. Сонан жүргізуші ол кісіден: «апасы,қай жерден түсесіз?» деп сұраса, әжеміз: «балам, былтырғы түскен жерден түсіріп кет» депті.

Депутат

Мәжілісте бір депутат ағамыз қатты сөйлеймін деп, қасындағы депутаттарды байқамай оятып жіберіпті

Батыр қыз

– Апа, бүгiн бiзге дәрi ектi.

– Қызым, сен жылаған жоқ шығарсың?

– Жоқ, апа, олар менi қуып жете алған жоқ.

 Онда тіпті жақсы

Құдасы көрші ауылда тұратын құдасын көрген сайын «үйге келмедің, бір қойдың басын жемедің» деп айта берген екен. Содан бір күні шақырылған құда да қонаққа келеді. Арада бір апта өткенде, қонақ күтіп әбден шаршаған құдағи:

– Құдеке, ауылыңыз өртеніп жатыр деген суық хабар алдық, қайтпайсыз ба?

– Ондай жағдай болса, ол жақта жататын жер де жоқ шығар. Осында қала берейін.

– Құдеке, жай қалжыңдағаным ғой, бәрі аман-есен, қайта берсеңіз болады.

– Онда тіпті жақсы, енді алаңсыз жата беретін болдым ғой.

Сабақ үстінде

-Алло, дәрігер тез арада келіңізші, менің досым сабақта қалам жұтып қойды.

-Жарты сағатта барамыз

-Жарты!? Оған дейін алғашқы көмек көрсете тұрайық! Не істеуге болады?

-Біз келгенше қарындашпен жаза тұрсын

Студентік өмір

Кім ерте тұрады сол барлық әдемі киімдерді киеді.

Орысша біледі екенсің

Бір күні екі өзбек есек арбасына мініп алып келе жатады. Бір ғана арба сиятын көпір үстіне келгенде, қарсы жақтан екі орыс арбаларымен шығып қалады. Өзбектердің біреуі сәл ғана орысша білетін көрінеді (боқтық сөздерді ғана), ал біреуі мүлдем білмейді де, түсінбейді де екен.

Содан әлгі екі орыс:

-Мужики дайте нам пройти Мы очень спешим- десе керек.

Орысша білетін өзбек арбадан секіріп түсіп:

- Ей иди ты ... -депті

Ана екі орыс жынданып келіп, өзбектердің быт-шытын шығарып ұрып, көк-ала қойдай етіп сабап, арбасымен қосып көпірден лақтырып жіберіпті.

Бір-екі сағат өткен соң, естерін әрең жиыпты. Содан әлгі орысша білмейтін өзбек (өзбекшелеп):

-Мә, қайта сен орысша біледі екенсің, болмаса бізді өлтіріп кететін еді ғой, иә?! - деген екен.

 

 

сурет chtodelaty.ru сайтынан алынған



Бөлісу: