Сіңліме хат

Ерке Назым менің... Бұл жазбаны жазарда жанарыма жас толып отыр ...

Балапаным, сен тұрмыс құрдың, отбасылық өмірің нұрға, гүлге толы болсын. Ойымды жинақтай алмай қобалжып отырмын, бәрін айтқым , жазғым келеді, бірақ ...

Еркем, Сен біздің еркемізсің, қыз - қонақ деп еркелеткен едік... Енді еркелікті тый күнім, ол сенің қыдыруға барған үйің емес, мәңгілік үйің,  бала - шаға , үрім бұтағың өмір сүрер мекенің... 

Еркем менің, болашақ бақыттыңның баянды болмағы От -анасына байланысты, бәріңде қателік болады бір біріңді кешіре, жақсысын асырып, жаманың жасыра , сырын сақтай біл! Ол, сенің жүрегіңнің жартысы, ол -өзің, оны аялай біл, ерің сыйлаған етекте қалмайды күнім. Анамыз Әкемізді қалай сыйласа сенде сыйла, ата- ене, бауырларын сыйла біл... Ол да ана, біздің де анамызға жеңгеміз дұрыс қараса десек жарыңның анасың сыйлай құрметтей біл, аналар, әсіресе қазақтың аналары балалары үшін отқа да суға да түсе алады. Оны өз анамыздан білеміз... 

Еркем менің, ойында ажырасамын, төркініме қайта келем деген ой болмасың, ата -анамыз қайта қабылдамайтының өзің білесің ғой... 

Еркем, тұрмыс құрмаған кездегідей ұялы телефонға көп үніле берме, жарыңды бақытты етуді ойлан, абысындарыңмен тату бол... Жарығым, сенің бақытты болғаның біздің бақыт, отбасылық өмірдің бақыт кілті сенің жүрегіңде, ар -намысыңда, ол жерде де, көктеде, байлықта да емес, жүрегіңді , арыңды таза ұста күнім...

Жарыңның анасынан білмегеніңді сұра, еріңнің рұқсатыңсыз тірлік етпе күнім... Ары қарай жазуға төзімім жетпейді, жасым тыйлар емес... Жаратқан ием бақытты нәсіп етсің...



Бөлісу: