Смайл Массагет қызметкерлерін қалай таңғалдырды?

Бүгін – смайлдың туған күні! 

Бір жылда бір келетін туған күнінде смайл сағат 8-ден бастап, Массагет қызметкерлерінің жұмыс орнына жайғасып алып, олардың келуін асыға күтті. 

Біреуі тышқанның астына қоятын кілемшеге; Екіншісі жұмыс үстелінде тұрған естелік затқа; Үшіншісі орындыққа; Ал төртіншісі тығылып барып, көліктің рөліне отырып алды 

Енді осы смайлдарды көрген адамның эмоциясы қалай болғанын көрейік.

Мейіржан компьютеріне отыра бергенде, өзіне күлімдеп қарап, "Әдебиет" кітабын оқып отырған смайлды көріп, таңырқап қалды. Ардақ телефонмен сөйлесіп келе жатыр еді, өзіне бас бармағын көрсетіп тұрған смайлды көріп, "Мынау кімдікі? Мынау не деп тұр?" деп сұрады да, күліп жіберді. Анара орындығында тұрған мына бір сүйкімді смайлды көргені сол еді, бүгін смайлдың туған күні екені есіне түсіп, смайлды туған күнімен құттықтап, сүйіп алды.  Ал Сания рөліне отыра бергенде, көлігіне тығылып кіріп алып, өзіне жымиып қарап тұрған смайлды көріп: "Ой! Мынаны қара!" деп таңғалысын жасыра алмай, "Тіпті мына жерге жарасып-ақ тұрсың!" деп смайлдың өзіне комплимент айтты. 

Осылайша сүйікті де сүйкімді смайл Массагет ойын-сауық порталының қызметкерлерін тосыннан таңғалдырып, бір күнге жетерліктей көтеріңкі көңіл-күй cыйлады. 

Смайлдың туған күні құтты болсын!!! Көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын! )))



Бөлісу: