Смайл Массагет қызметкерлерін қалай таңғалдырды?
жеке
блог
блог
Бүгін – смайлдың туған күні!
Бір жылда бір келетін туған күнінде смайл сағат 8-ден бастап, Массагет қызметкерлерінің жұмыс орнына жайғасып алып, олардың келуін асыға күтті.
Біреуі тышқанның астына қоятын кілемшеге; | |
Екіншісі жұмыс үстелінде тұрған естелік затқа; | |
Үшіншісі орындыққа; | |
Ал төртіншісі тығылып барып, көліктің рөліне отырып алды |
Енді осы смайлдарды көрген адамның эмоциясы қалай болғанын көрейік.
Мейіржан компьютеріне отыра бергенде, өзіне күлімдеп қарап, "Әдебиет" кітабын оқып отырған смайлды көріп, таңырқап қалды. | |
Ардақ телефонмен сөйлесіп келе жатыр еді, өзіне бас бармағын көрсетіп тұрған смайлды көріп, "Мынау кімдікі? Мынау не деп тұр?" деп сұрады да, күліп жіберді. | |
Анара орындығында тұрған мына бір сүйкімді смайлды көргені сол еді, бүгін смайлдың туған күні екені есіне түсіп, смайлды туған күнімен құттықтап, сүйіп алды. | |
Ал Сания рөліне отыра бергенде, көлігіне тығылып кіріп алып, өзіне жымиып қарап тұрған смайлды көріп: "Ой! Мынаны қара!" деп таңғалысын жасыра алмай, "Тіпті мына жерге жарасып-ақ тұрсың!" деп смайлдың өзіне комплимент айтты. |
Осылайша сүйікті де сүйкімді смайл Массагет ойын-сауық порталының қызметкерлерін тосыннан таңғалдырып, бір күнге жетерліктей көтеріңкі көңіл-күй cыйлады.
Смайлдың туған күні құтты болсын!!! Көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын! )))