СМАРТФОН- бәріне кінәлі!

СМАРТФОН- бәріне кінәлі!
жеке
блог

21 ші ғасыр, заман қарқынды түрде дамып жатыр. Бірақ, кейбір ата-аналардың миында әлі де, сол ұялы телефонның кесірі дейтін қағида сақталып қалған. Бала ауырса да, оның мінез-құлқы өзгерсе де, кінәлі жалғыз зат ол- смартфон.

Көбінде ата-аналар балам ұбт-ға дайындалсын, сабақ оқысын, білімді болсын деген оймен баланың қолындағы жеке затын тартып алып жататыны өтірік емес.Өз басым, бұл оқиғаны күнделікті достарымнан байқап жатамын. Құрбыларымның “анам телефонымды алатын уақыты келді”,”мен сендермен бірге талқылай алмаймын,”әкем қазір тексереді”, “өткенде қандай мәселе қозғалды, ағам алып қойып еді”- дейтін жәйттарға көп кезігемін. Өз басымнан бұндай жағдай өтпегеннен кейінбе, мен үшін бұл бір- адамды өмірден шектеумен тең. Мейлі, алдыңыз делік, балаңыз сол алған мезетте бірден ақылды болып, кітап оқып, білімге құлшынысын аша алды ма? Жоқ! Керісінше, ол айналадан жабылып, сенімсіздігі пайда болып, өмірге өкпелейтіндей халге түсіруіңіз мүмкін. Бұл ісіңізбен сіз балаға психологиялық түрде қысым жасайсыз. Өйткені,сіз балаңызды оның достарынан, оның қызығушылығынан, оның өз әлемінен алыстатып жатқаныңыз туралы ойландыңыз ба? Ендеше кішкене сізге бағдар берейін.

Мәселең, қазір көп жасөпірімдер смартфон арқылы электронды кітаптар оқиды, сурет салады, аудио-кітапшалар тыңдап, психологиялық кеңестерге назар аударады, достарымен араласады, тым болмағанда түрлі әлеуметтік желілерде видеолар түсіріп немесе өзге жасөспірімдердің өнеріне қарай отырып, өз қызығушылығын табады. Ол дегеніміз жаңадан өсіп келе жатқан баланың, өз бетінше өмірге деген қызығушылығын арттыруына өз септігін береді. Егер сіз әрдайым оның әлеуметтік желісін тексеріп, қадағалап, әр басқан ісіне көз салып отырсаңыз, одан тіпті достары да алшақтай бастайды.Енді өзіңіз бір сәтке ойланып қараңызшы, сіз өз балаңызды қаншама оның даму жолына алып келетін заттардан алыстатып отырсыз.

Егер, баламның не көретінін біліп отыруым қажет. Неге қызығатынын білуім керек, ол жаман заттарға қызығып, оған зиян тигізетін материалдарды көретіне алаңдаймын десеңіз,онда сізге кішігірім кеңес айтайын.

Балаңызға бар біліміңізді 10-13 жасқа дейін төгіңіз. Ненің ақ, ненің қара екенін түсіндіріңіз. Балаңыз ол уақытта әлі ештеңе түсінбейді деп ойламаңыз. Дәл сол уақытта баланың даму барысы, қоршаған ортада өзін-өзі ұстауы, алдағы уақыттағы оның өмірдегі орны, өздігімен өмір сүруге деген ойы қарқынды дами бастайды. Сол уақыт аралығында бар жақсыны үйретуге тырысыңыз. Ал, одан кейін уақыт өте бере балаңызбен досыңызша сырласып, қызығушылығын, оның ортасын біле аласыз.Егер сол уақытша дейін, бар тәрбиені беріп, керегін үйрете алсаңыз, онда сіздің балаңыз сол бір зиянды материалдарға да, керек емес ойындарға да, қажетсіз видео-файлдарға өз уақытын жұмсамайтын болады.Керісінше, даму барысына қажетті ақпараттармен өзін қамтамасыз етіп отыратыны сөзсіз. Өз балаңызға мүмкіндік беріңіз, байламаңыз! Сіз оны байлаған сайын, бостандыққа талпынамын деп, бұрыс жолдан шығуы әбден мүмкін.

Құрметті ата-аналар қандай да бір асығыс шешім қабылдамас бұрын, бұл шешімнің балаңызға қаншалықты керек әлде керек емес екендігін сараптап алсаңыздар деймін.