«Скифия» атауы қайдан шықты?
блог
Сурет интернеттегі ашық ақпараттан алынған. Мақала басы мына жерде: "Қазақ" атауы
Англияда 1636 жылы шыққан «Ұлы Әлем туралы кішкене сипаттама» кітабында Скифтер туралы мынадай мәліметтер жазылған:
Скифия (Scythia) елінің шығысы Шығыс Мұхитымен (Тынық Мұхит), батысы Московия және Молдовиямен, солтүстігі Скифия Мұхитымен (Мұзды Мұхит), оңтүстігі Қаспиан теңізімен, Сақ (Saca) елімен және Қытай (China) қабырғасымен шекараланған. Халқының атауы Қас[пій] деп аталады, олар көшпенді (nomad). Елдің тұңғыш ханы Скиф (Scytha) атымен Скифия аталып жүр. Ол, Йапет (Iaphet) ұрпағы.
Белгілі қазақ шежірелерінде барлық түркі халқын Йапестен (Яфес) таратады, сол ма екен?
Скифия хандары (латын-грек тілдерінде жазылғаны):1 | Scytha | 10 | Indathirsus |
2 | Napis | 11 | Saulius |
3 | Phitro | 12 | Spargapisis |
4 | Sagillus | 13 | Tomyris |
5 | Targitaus | 14 | Aripethes |
6 | Plinos | 15 | Sciles |
7 | Scolipothus | 16 | OƐtomasades |
8 | Panaxagora | 17 | Lanthinus |
9 | Tanais |
Скифия халқы – «Қас», іргелес туыс «Сақ» халықтарымен бірігіп «ҚасСақ» атанды деген деректер алдыңғы мақалада келтірілген. Біріккен ел «Cassackia» болып аталған. Нақты қай жылы екені әзірге анық емес, мүмкін Кир, Дарий, Македонский шапқыншылықтарына тойтарыс берерде қосылған да шығар...
Ежелден түркі халықтары бөлек-бөлек ұсақ тайпа болып тұра берген, өкінішке орай бір-бірімен қақтығысқан кездері де болды. Ал, бірігіп бас қосқан түрік тайпаларының ірі елдері тарихта «Turan», «Scythia», «Cassackia», «Tartaria» аталған...
Осылайша, тамырын Қаспиан теңізі мен Қас көлі (Орта Азия) аумағынан жіберген Байтерек секілді, Скифия халқының жапырағы шығысқа, батысқа, оңтүстікке және солтүстікке қарай жайылып желбіреген...
p.s. Мынадай сұрақ туындайды: Скиф патшасына дейін Қас елі Casia (Қасия) болып, кейін Asia (Азия) аталып кетуі мүмкін бе? Мекендеген жері де Азияның басым бөлігін алып жатыр.
(жалғасы "Тартария" атауы)