"Скажи как мне учиться, если нет стимула?!"

"Скажи как мне учиться, если нет стимула?!"
жеке
блог

"Скажи как мне учиться, если нет стимула?!"

Бағанадан бері жанымда тұрған орыс жігіті телефондағы әңгіме соңын осылай деп қайырды. Бұл жігіттің ҚМУ жатақханасында жататынын білуші едім. Өз ортасында еш қысым көріп жатқан жоқ, жағдайы да жаман емес сияқты. Бірақ өзі оқып жатқан мамандықта оқығысы келмейтін көрінеді. Байланыстағы кісіге: "мұнда жаман" - дейді, артынша "то есть...", " мамандығым ұнамайды" дегенді айтты. Екінші кісі оқуды тастағанда не бітіресін десе керек: " - мейлі , армиясына кетемін көп болса" - деп бір тоқтады. Негізгі себеп: " - оқуым жаман - байланған бұзаудай отырамыз. Маған бұл ұнамайды. Мамандығымды қаламаймын. Қосымша жұмыс істеп, ақша тапқым келеді, ал мұнда оған да мүмкіндік бермейді" - дейді сабазын. 

Үш айлық мерзім - өмірлік таңдауымды өзгерте алмаймын дейтіндей аса бір көп уақыт емес. Бұлай деуімнің себебі бар. Кей қыз-жігіттер өз таңдауы үшін көп нәрсеге бара алмайды. Ал, бұл жігіт нақты бір шешім қабылдап отыр. Рас қой, күнде 5-6 сағат құр сөзбен көпіріп сабақ өте беру кімге ұнасың. Әйтеуір бір ерекшелігі болу керек емес пе. Мүмкін оның мамандығы белгілі бір дәрежеде еркіндікті қажет ететін шығар. Ондай мысалдар көп бізде. Риза болғаным: "мамандығымды қаламаймын" дей отырып, "өз шешімімді айттым, өзім қалғанымды жасауға мүмкіндік беріңдер" деп нық айтты. Ертең отбасынан келісім алып қалағанын істейтініне күмәнім жоқ. Сәті түссе, қателігін жөндеп, қалаған ісімен айналысып қоғамға сіңісіп кетуі әбден мүмкін... 

Міне тұлғалық мінез осылай қалыптасса керек... Әйтпесе оқып жатқан мамандығы бар, бірақ қолынан сол саланы игеру немесе меңгеру келмейтінін біле тұра универ мен институтқа келіп кетіп жүргендер қаншама...