Сиыр сатамыз...
блог
Қазақ деген қызық халық қой...
Бір танысымның семьясы бір сиырларын сатамыз дегелі бір айдай боп қалды. Біресе сойып сатамыз, біресе бүтіндей сатамыз деп әбден бастары қатты. Проблема сол ауылдан алып келу болса керек.
Қызығы, ол сиыр ары кетсе 120 000 -160 000теңге болуы мүмкін, бірақ оған құрған пландары миллионнан асады :). Қызының кредит төлемекші, хотя оның 200 000 мың қарызы бар, қалғанына монша салмақшы, солай строй материал алып анау-мынау істеуге бір 100 000 жұмсамақшы. Қазірден күнде қарыз алып сиыр сатқанда қайтарам ғой деп қояды :) екен. Күнде сиыр сатқан кезде істейтін бір жұмыс жоспарлап қояды...
Бір тағы бір таныс аға бар. Өзі аздап араққа жақындау. Сол кісі көршісі тері алғыштан күнде қарызға ақша алып арақ ішеді екен, "мына сиырды (қорадағы сиырын нұсқап) сатқан кезде терісін аласың ғой, содан расчет боламыз" деп. Сөйтіп санаса ана қарызы екі-үш мың боп кетіпті. Содан ана кісі енді сиырыңды сойсаңшы десе, "не малды маған сен бересің бе?" деп ұрсады дейді :).
Малың болғанның жақсылығын ата-анам қалаға көшіп келгелі сезініп жүрмін. Бұрындары мамалар ауылда тұрғанда "ет алу" деген ойыма кіріп шықпайтын еді. Жазда қойын, қыста соғымы мен қазысын арқалап әкеп тастайтын еді. Ол қайдан келіп жатыр, оны қалай бағып жатыр ойыма келмейтін. Әкем қалаға көшкесін бар қойын бір кісіге қосып кеткен, сол күні бар қойды қасқыр жеп кетті деп інісі звондағанда анамның қатты мұңайғаны бар еді: "біраз уақыт еттен қысылмаспыз" деп едім деп... Содан бері бір жыл өтті, етсіз отырмасақта мамам өз қойының етін мақтап айтып отырады. Сатып алған қанша дегенмен арқаға бататын сияқты. Ет сатып күн көрмесекте өз үйіңнің малы болған сондай жақсы екен..