Бүгін Ұлттық кітапханада электронды нұсқаның таныстырылымы өтті. Бұл кітаптың ерекшелігі қазақ тілін рухани, тұрмыстық тіршілігі туралы айта отырып, тілді үйренуді жаңа қырынан көрсеткен. Бұған дәлел кітапқа деген сұраныстың көптігі.
Осыған дейін кітаптың 2 нұсқасы жарық көрген еді. Алғызсөзін белгілі жазушы Герольд Бельгер жазып, жоғары бағалаған кітаптың екі томы да сұраныстың көптігінен қайта басылып шыққан. Мәселен, бірінші бөлімі 4 рет басылып шығып, 15 мың данасы сатылған. Кітаптың екінші бөлімі екінші рет шыққалы жатыр және тек баспа түрінде қолжетімді. Бүгінгі мәслихат барысында автор үшінші кітапты да жазатынын айтты.
Кітаптың электронды нұсқа түрінде таралып, көпшілікке қолжетімді болуы үшін Kaspi Bank қолұшын созды. Басты себеп қазақша үйренгісі келгендер көп. Бірақ кітап нұсқасының барлығына жетуі мүмкін емес. Сатып алуға мүмкіндігі жоқтар да бар. Әрі қазір көпшілік онлайн оқығанды жөн көреді. Осы себептерді ескеріп банк басшылығы көпшілікке кітаптың электронды нұсқасын оқуға мүмкіндік бергенді жөн көрді.
20 наурыздан бастап Kaspi Bank-тің әлеуметтік желілердегі парақшалары мен Apple iBookStore, Google Play Books, және Amazon-да қолжетімді болады.