Соңғы 3 күнде менің телефоныма, вастап, вконтакте,инстаграм арқылы түрлі хаттар келді.Басында мән бермедім, содан кейін ғана инстаграм арқылы #синийкит #тихийдом хэштегтерімен іздеп, тек инстаграм желісінің өзінде осындай атаумен 30000 нан аса пост салынғанын байқадым. Дәл осындай хэштегпен жан түршігерлік суреттер мен видеоларды көрдім.
"Синий кит" және "Тихий дом" топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, Соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.
Сонымен қатар, желі қолданушыларының бірі тәжірибе жүргізіп ойынға қатысып көрген. Өз зерттеуінің қорытындысымен ол басқа да қолданушылармен бөліскен.
"Маған осы ойынның қалай жүретіні қызық болды, неге 50 күн өткеннен кейін балалар өздеріне қол жұмсайды? Сонымен досымыз екеуіміз ВКонтакте желісінде екі жалған аккаун аштық, маған бір адам шықты және досыма да. Екі түрлі адам шығып, күнде тапсырмалар бере бастады. Бірінші тапсырма қолға көк киттің суретін салу болды. Құдайға шүкір фотошоп барлығын істеп берді. К.н сайын жаңа тапсырмалар беріле бастады. Соңғы 50-ші күні таңдау керек болды. "Асылып өлу" немесе "секіріп өлу". Ойынның соңы өлім. Сол кезед мен қорқатынымды айттым, маған бір сілтеме келді. Сілтемені басқанымда "404 бет табылған жоқ" деген жазу шықты. Осыдан кейін 10 минут уақыт өткенде ол маған былай деп жазып жіберді: "Егер өз-өзіңе қол жұмсамасаң, мен сенің ата-анаңды өлтіремін", - деп менің мекен жайымды қай пәтерде тұратынымды жазып жіберді. Сол кезде маған олардың қалай жасайтынына көзім жетті", - деп жазды қолданушы.
Материал БАҚ.кз сайтынын алынды.