Сингапур: үшінші әлемнен-біріншіге.

Сингапур: үшінші әлемнен-біріншіге.
жеке
блог

Ли Куан Ю Сингапурдың бірінші премьер министрі. Оның билік жылдары 1959-1988. Осы 30 жылдың ішінде ол Сингапурды үшінші әлемнің артта қалған мемлекетінен ЖІӨ бойынша ең үздік елдерінің біріне айналдырды. Ли Куан Ю ның ойынша осы экономикалық ғажапқа әкелген негізгі факторлар қандай болған туралы жазғым келеді.

Біріншіден ол батыс елдерінін мәдениетіне кішкене жақын болу. Егер сен инвесторларды өз мемлекетіне тартқын келсен сен басқа көрші елдеріне қарағанда шетелдіктерге көбірек танымал және олардын отандағы білім, денсаулық, транспорт және кызмет ету саласындардағы стандартарына сай болу керексін. Сонда сен осы регионда инженерлер, банкирлер және кәсіпкерлер бизнес ашайын дегендерге базалық лагерь бола аласын. 

Екіншіден ол талантты адамдарды қолдау. Ли Куан Ю түсінген Сингапурдың ен үлкен байлығы ол оның тұрғындары. Сол үшін ол тәуелсіздіктің ең алғашқы күндерінен бастап ең талантты жастарды шетелге оқуға жіберген. Олар оқуды бітіргеннен кейін Сингапурға қайтып мемлекеттік органдарда жауапты қызметке кірген немесе сәтті бизнестерді құрған.

Үшіншіден және меніңше ең манызды іс ол жемқорлықты жену. Ли Куан Ю 1959 жылы премьер министр болып сайланғанда Сингапур Азияда коррупция жағынан ең нашар мемлекетерінің бірі болған. Өз биліктің бірінші күнінен бастап Ли Куан Ю жемқорлыққа қарсы үлкен күрес жүргізген. Ол өзінің кейбір жақын адамдарын да аямаған. Егер мемлекет жұмысшысы пара үстінде ұсталып алған болса ол түрмеге ұзақ уақытқа жіберілген. Бірақ премьер министр теқ қана жазалаумен жемқорлықты женуге тырысқан жоқ. Ол жақсы түсінген егер жауапты мемлекеттік орында отырған қызметшінін жалақасы төмен болса ол жазалауға қарамастан пара алуға тырысады. Сол үшін ол мемлекеттік жұмыста және жеке меншік компаниялардағы жалақысы денгейің тенеутіге тырысқан. Осы қадамдардың нәтижесі ол Сингапурдың қысқа уақыт ішінде әлем мемлекеттер арасындағы жемқорлықтан бос рейтингіде үшінші орынға жету. 

Осы үш қадам арқылы Ли Куан Ю Сингапурды үшінші әлемнен бірінші әлемге шығарған.