Сиқырлы машина

Бренд,  тренд дейміз. Тіпті, бәріміз мықты дизайнерлердің киімін кигіміз келеді. Танымал дизайнердің қолынан шыққан бренд киім болсын, жай қарапайым киім болсын тігін машинасы арқылы жасалатыны белгілі. Ал жай ғана матаны әдемі киімге айналдырған сиқырлы машиналар туралы не білеміз?  Оның тарихын естідіңіз бе?

Алғашқы тігін машинасы киім емес, былғары ер-тоқымдарды тігуге арналған екен. Онымен 1790 жылы ағылшын дизайнері Томас Сэнд алғаш жұмыс жасады. Ал киім тігетін машинаны 1804 жылы Англияда Томас Стоун мен Джеймс Хендерсон  жасап шығарады.


Кейінірек 1844 жылы ағылшын тумасы Джон Фишер көптеген жылдар бойы енгізілген жаңалықтарды біріктіру нәтижесінде жаңа тігін машинасын ойлап табады. Кейін Американдықтар Элиас Хоу және Исаан Сингер Фишерге ұқсас машина құрастырады. Осы сәттен бастап, 1856 жылы, яғни тігін комбинациясы пайда болғанға дейін, патенттерді бұзғаны үшін сот процестері жүре бастайды.

Киім өндірушілері бұл жаңа машиналарды тез арада қолдануға, стандартты мөлшерде дайын киім киюге мүмкіндік берді. 1800 жылдардың ортасына дейін барлық киімдер қолмен жасалды. Мысалы, көйлек бір сағат ішінде машина арқылы тігілгсе, ал он төрт жарым сағатта қолмен жасалады. Егер сізге жаңа пальто қажет болса, сіз матаны, стильді, түймелерді бір-екі апта ішінде дайындаған болар едіңіз. Алайда ол көп еңбекті қажет етеді.

1860 жылдардың басында адамдар үйге арналған тігін машиналарын сатып ала бастады. Ал көптеген әйелдер оларды өздері пайдалануға қызығып, отбасындағы адамдарға киім тікті. Сонымен қатар, сол кезеңде әйелдер қауымына арналған журналдар көп танылды. Журналда тігінге қатысты қызықты деректер, киім тігу түрлері туралы кеңестер жарияланды. Үйде қолданылатын тігін машиналары 1889 жылға дейін қолмен немесе аяқпен жұмыс істеді. Одан кейін электронды тігін машиналары пайда болып,бүгінге дейін жалғасын тапты.

 



Бөлісу: