Кешірші мені хабарласпадым тағы бүгін мен,
Мен-дағы жүрмін өмірден сонша түңілгем,
Таба алмай емін жалғыздық деген сырқаттың,
Махаббатымыздың көтере алмадым жүгін мен.
Кешірші мені жауапсызбын тағы бүгін мен,
Өткенімді ойлап іздеумен сені үңілгем,
Сол күндер өткен Есілдің еді жағасы,
Деп айтқан едім бастайық бақыт бүгіннен.
Кешірші мені көрмедім сені бүгін мен,
Атып жүр едің оятып мені күніммен,
Кім ойлаған-ды таң да емес, түс те, кеш те емес,
Аймаламайды деп күлімдеп тұрар түріңнен.
Кешірші мені ұмыта алмадым тағы бүгін мен,
Жүрек ауру ғой кетермін анда бір күн мен,
Гүл алып сонда басыма менің келерсің,
Ғұмыры да оның мен үшін ғана үзілген...