Шырылдап дуниеге келген кунiң, Бакытты саттерiңнiң бiрi бугiн

Шырылдап дуниеге келген кунiң, Бакытты саттерiңнiң бiрi бугiн
жеке
блог

Көктемнің шұғылалы күндерінің бірі сенің өмірге келуі күніңмен қатар екен. Бүгінгі күн сенің бақытты күндеріңнің бірі осындай бақытты күндерің көп болсын. Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңнен шығып, өмір сені бақыт құшағында аяласын!

Ауылымыздағы маған жақын жандардың бірі өзіңсің. Өзіңді қатты сыйлаймын. Барлық жақсылық атаулыны өзіңе тілеймін. Өмірдің бұралаң жолдарында кезігетін қиындықтарды жең біліп, биік асуларды бағындырып, шыңдардан көріне бер.

Массагеттегі ешкімге ұқсамайтын дарасың, осы даралығыңмен, асыл қасиеттеріңмен әр қашан күлімдеп жүре бер. Аспаз бөліміне осы уақытқа дейін 36 мәзір ұсыныпсың бір өзің, ҚАЗНЕТте сенімен тең келетін аспаз шебер жоқ, қолдарың дерт көрмей аспаздықтың қыр сырларын сайт оқырмандарына үйрене бер. Еңбегің жанып, жемісің көр.

Махаббат айдынында сүйгеніңмен қол ұстасып әр дайым бірге жүзе бер. Күйеу бала саған әйел бақытын сыйласын. Махаббаттарың баянды болсын.

 

Ары қарай тілектерді жалғастыру үшін микрофонды ауылымыздың белсенділеріне бердім)