Шыр айналған дүние...

Мамыр соңында 2-ші курсты да бітірдім. Қазір ауылда каникулда жүрген жайым бар... Бірде оны-мұны тірліктермен сарайға кірдім. Бір бұрышта ескі ұялы телефон жатыр екен. Бұл телефонды әкей 10 жыл бұрын алған еді. Түрлі-түсті. Суретке түсіре алады. Мелодиялар да тыңдауға болады. Ішінде ойыны бар. Сол кезде бізге бұл телефон соңғы жаңалық болып көрінген болатын. Ешқашан қалмайтындай болып көрінген-тұғын. 

Осы телефоннан кейін ойыма қазір қолданыстан қалып кеткен, қалып бара жатқан бұрынғы технологиялар оралды. Соларға қысқаша тоқталсақ. 

Бұл - бейнемагнитафон. Қысқаша, "видик" дейді. Осы "видик" арқылы біз талай фильмдерді 10-100 мәрте қайталап көрген шығармыз. 2000-шы жылдары Интернет деген жоқ. Онлайн кино көре алмайтын едік. Содан осы "видикке" көмекке жүгінетінбіз. Мен видик арқылы ең көп - "Король Лев"-ті көрген шығармын. Көруден жалықпайтынмын. 

Бұл - кассета. Әр кассетаға 1 фильм сиятын. Ары кетсе, 2-еу ғана. Кассетамен фильм көрген қиын еді. Фильмді көріп болған соң, лентаны кері бұрайтынбыз. Киноны басына аудару үшін. Әр кассета - 500 теңге тұратын. Ол кезде орташа айлық - 15 000 теңге. Ал, қазір 200 теңге тұратын дискте 10-15 фильм болады. Үйінде кассетасы көп бала - бай бала деп есептелінетін. 

Кейін бейнемагнитафонды - ДиВиДи алмастырды. ДиВиДи-ге диск салады.

Диск - кассетаның түбіне жеткен болатын. Бірақ, бүгінгі күндері диск те қалып барады. Оның орнына флешка шықты. 

Флешка әр түрлі. 124 МВ, 512 МВ, 1 ГВ, 2 ГВ, 4 ГВ, 8 ГВ, 16 ГВ, 32 ГВ болып кете береді. 

Ал, енді мынау - Сега. Бұны ұлдар жағы біледі. Ойын приставы. Біз осы Сегамен талай түнді батырдық. Сағаттап теледидар алдында отыра беретінбіз. Сегада түрлі ойындар бар. Соның ішінде ең атақтысы - Мортал Комбат ойыны болатын. 

Мортал Комбат ойынында 2 ойыншы бір-біріміен өлгенше төбелеседі. Осы Мортал Комбат ойыны бізді теледидар алдында жіпсіз байлаушы еді. Айтпақшы, теледидар демекші, ол кезде теледидар үлкен болатын. Міне, мынандай:

Теледидарды - қара жәшікке теңеп жататын. Шынында да, сол заманғы теледидар жәшк секілді 4 бұрышты, ауыр болушы еді. Газет беттерінде де "Қара жәшікке арбалғандар" деп мақалалар шығып жататын. 

Небір "вечерлер"-де магнитафонмен қойылған музыкаларға билейтін едік. 

Мына кассеталарға 10 өлең сияды. Біз осы аудиокассеталардағы өлеңдерді жалықпай тыңдай беретінбіз. 

Мынау - фотоаппарат. Пленкалы фотоаппарат. Бір ғажабы, бұл фотоаппаратқа түскен қыздар "Кәне, көрсетші" деп айтпайтын. Осындай фотоаппаратмен біреу түсіремін десе, роботтар секілді қата қалатынбыз. Сурет бірер аптада әзер дегенде даяр болатын. Оны 60 теңгеге сатып алушы едік. 

Е-е, мынау сол кездегі ең озық технология еді. Дизайны да ғажап-тұғын. Біз бұны қолданыстан қалып кетеді деп ешқашан ойлаған емеспіз. Әрине, компьютер қолданыста. Бірақ, мына суреттегі компьютерді қазір кездестіру қиын. Орнына қылдай жіңішке компьютерлер шыққан. 

 

Басқасы басқа, мен мына телефонды қолданыстан қалмайды деп ойлаушы едім. Бірақ, қалды. 

Қазір мына iPhone-ны қолданыстан ешқашан қалмайды. Деп ойлайды жастар. Бірақ, бір күндері бұл да қалып кететін шығар. Кім біледі... Тек, бойымыздағы адамгершілік ешқашан қалмасыншы...



Бөлісу: