Құйынмын де,дауылмын де,отпын де,
Қызғаныштан іште жанған отты үрле.
Махабаттан аяушылық іздесең-
Махаббатта аяушылық жоқ мүлде…
*
Сараңдықты жібере алсаң шалысқып,
Мұнда да бар жақындық пен алыстық!
Достық дейтін ұласып-ап сезімге,
Сезім дейтін болып қалу таныстық.
*
Сарсаңдықтан,сағынышты күйіш іш мұң,
Ақыры кеп шыдама да сүйіс мың.
Ол өзгені ұнатады амал не?
Сені өзгені ұнатуға тиіссің.
*
Қимастықтың құшағынан нәр алып,
Сүю қиын – сүйіспеншіліктен жаралып.
Даралықты ете алсаң күрделі,
Күрделілікті қарауда шарт дара алып!
*
Сағыныштың құбылады күйі мың!
Алдымызда жолдар жатыр йірім!
Мейірімде байқалғанмен қаталдық!
Қаталдықта байқалмайды мейірім,
*
Күту үшін көрінсе егер,аз күн -көп
Жан жарасын жаза алмассын жазғың кеп.
Қуаныштың соңы ұласқан -өкініш,
Өкініштің соңы білсең-азғындық!
*
Өзің үшін,кім тағдырды өңгерет.
Өмірде роль -өзгешелеу өң керек!
Қайталағың келмесе де амал не?
Өмір дейтін қайталанған дөңгелек!
Досжан Нұрболат
14.12.13 сағ. ( 20:20)