Шындық пен комплекс

Төменшіктеу комплексі кім кімде де бар ғой. Менде «целый» бір қапшық.

Спортзалдың себезгісінде алып денелі бір «кісі» мені әңгімеге тартты. Жаттықтырушымды мақтады. «Тастап кетпе, солай дербес шыныға бер, мен де кезінде «кусок сала» болғанмын» деді. «Жақсы кісі» екен деп, «на вы» әңгімені басып жатырмын. Көңіл күйім керемет.

Тағдырдың соққысы күтпеген жерден болады емес пе?! Ана кісі киініп жатып, «нешедесің» деді. Осы сұрақты естігенде аяқ астымда мина бардай бола қалатын боппын. Бірақ әлі де болса, ештеңеден күманданбай «отызда» дедім. Сөйтсем, ана «кісі» аңтарылып қалды. «Мен 29-дамын» деді!

«Кісі» деуім бекер, бала кезінен ауыр атлетикамен, шығыс жекпе-жегімен айналысқан, сол себепті денесі шымыр, өзі алып, бұлшықеттері айналып жатыр. Көзінде жастықтың оты бар. Нағыз спортшы екенін білдім.  

Тыр жалаңаш болсам да, шашымды кептіріп тұр едім. Айнаға қарасам, жоғарғы класс оқушысы сияқты сыптиған біреу тұр! Қолымдағы дәу фенді лақтырып, быт-шытын шығарғым келді. Жаңағы көңіл күйім де астан-кестен. Фенмен айнаны емес, басымды жарсам да бәрібір сияқты. Ал ана жігіт (теперь уже жас жігіт, а не кісі) ол да өз денесінен қысылғандай «Сен молодец, жас көрінесің, сені бәрі 20-да деп ойлайды, ал мен шалмын» деп жатыр. Жұбатқаны шығар, аузына түскен сөзі ме?! Бірақ мен оған дене жағынан дамымай қалғанымды ашық айттым.



Бөлісу: