Шындық деген не?

Шындық – өзіне тас лақтырғандарға да күледі...

Блог жазғым келіп жүр еді. Айтайын дегенім, балалық шақтың ракурсымен өмірге қарайтынымыз бар еді. Сол бір динамикалық ой-үрдіс кейін, ер жете келе тұралап қалғандай болды.

«Брат» фильмін көрген адам бар шығар. Осында «Күш – ақшада» деп гәпірген бауырына бас кейіпкер Сергей  «Күш – шындықта» деп еді. Сол сөз жатталып, ешқашан да өтірік деген сұрқияға жоламаймын деп шешкем. Бекер екен. Әркімнің өз шындығы болатынын, оған расымен де иланғанымнан жазып отырмын.

Жалпы «шындық» деген не? Уикипедия аман болсын, «Шындық – шынайы, шын бар болмыс, нақты бар және дамитын нәрсе, өзінің мәні мен заңдылығын өз ішінде қамтиды. Философиялық терминологияда шындық жалғанға да, жай мүмкіндікке де қарама-қарсы қойылады».

Біреу бард дейді, біреу шансон дейді. Орыстың Владимир Высоцкийін тыңдайтын болдым. Мұнда да бір ШЫНДЫҚ бар...

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/yJSTM-VAJ9E?version=3&hl=ru_RU","width":"480","height":"320"});

Шындық дегеніміз не? Айтыңызшы, ал!



Бөлісу: