Шындық

Жан берермін жансызбын деп жылағанға,

Қан беремін қансызбын деп сұрағанға.

Бойымдағы дарынымды бере алман,

Тағзым етіп,аяғыма ол бас ұрсада.

 

Мен ақынмын,ащы да болса айтатұғын шындықты,

Демеймін бірақ өзімді жұдырықты тым мықты.

Көрмей кету мүмкін емес алдыңдағы сынықты,

Сол сыныққа шындықпенен салу керек құрықты.

 

Ащы шындық бәрібір көкейден шақпай қоймайды,

Ақын жаны сезімтал тек шындықты ол қолдайды.

Шындықпенен санаспаған бұл өмірде оңбайды,

Өмір өзі жаза тапқан оларға да оңтайлы.

 

Бұл өмірдің өрнегі тек шындық дер ем мен,

Бұл өмірдің сынағын сынға алып келем мен.

Кейде қатты кетеді,кейде орта,кейде жай,

Бұл өмірдің өзінің заңдары бар осындай.



Бөлісу: