Шынайы өмірдегі күлкілі оқиғалар (әкелер мен балалар)

Шынайы өмірдегі күлкілі оқиғалар (әкелер мен балалар)
жеке
блог

Күйеуіме: «Лента сатып алуымыз керек – қыз болса, алқызылын, ұл болса – көк түстісін», - дедім. Ол болса, жасыл түстісін қалайтынын дәлелдеп, менімен ұзақ  салғыласты!

*-*-*

Менің жүкті кезім, таңғы сағат 5:30-да оянып кеттім, аяқ астымнан жылымық бірнәрсе аққанын сездім. Күйеуімді түртіп: «жарықты жақшы, су кетіп жатқан тәрізді». Жақты, қарады: «иә, солай сияқты». Жатуға ыңғайланып, «Жарықты өшіре берейін бе?» - деп сұрап тұр. Ол әрі қарай ұйықтамақшы!

*-*-* 

Әкесі перзентханаға жаңа туылған қызын көруге келді. Оны қолына алып, ұзақ қарап тұрды да, былай деді: «Ол көзін ашып алған ба? Мен мысықтар сияқты – бір аптадан соң ашатын шығар десем».

*-*-*

Әкесі жаңадан туылған ұлын алғаш көргенде: «Қызық, оның тістері неге жоқ?»-деп сұрады.

*-*-*

Әкесі дүние есігін енді ашқан сәби қызына қарап тұрып, кенет бозарып кетті де, былай деді: «О құдайым, біздің қызымыз жүре алмайды!» Мен шошынып, неліктен ондай шешімге келгенін сұрадым. Ол былай деп жауап қатты: «сен оның өкшелерінің қандай доп-домалақ екендігін қарасаңшы – ол мұндай өкшемен тіпті тұра да алмайды ғой! Ал біздікі жап-жалпақ қой»

*-*-*

Ал менің күйеуім менімен бірге босануға қатысты. Содан кейін ұзақ уақыт таңғалып жүрді, достарына айтатын көрінеді: «Білесіңдер ме, оны анасының кеудесіне қойған бойда-ақ ол бірден сора бастады. Ал мен оған қалай ету керектігін көрсетіп, үйрету керек шығар деп ойласам. Ал ол өзі-ақ үйреніп алды! Сондай ақылды!»

*-*-*

Перзентханада жатқанымда күйеуімнен төмендегі дүкенге түсіп, балаларға арналған сабынға сабынсалғыш сатып алуын өтіндім. Кетіп қалды, ұзақ уақыт келіп болмады. Бір кезде құр қол келіп: «Оларда ондай сабынсалғыш жоқ екен, тек үлкендердікі ғана бар. Ал үлкендердің сабынсалғышын мен сатып алмадым» деп қарап тұр. Сөйтсе, ол осы уақыт бойы оған дәл балаларға арналған сабынсалғыш керек екендігіне және басқасы туралы естігісі де келмейтініне сатушының көзін жеткізуге тырысқан екен!

*-*-*

Перзентханада жатқанда күйеуіме үйдегі комодтан бірнәрсе әкелуін өтіндім, үстінен санағанда үшінші тартпасынан алу керек екенін айтқанмын... «Қымбаттым, мен сенің сұрағаныңды таппадым – өзің қарап алшы» - деген сөздермен бүкіл тартпаны әкеліп тұр!

*-*-*

Палатадағы бір көршіме күйеуі келуі керек болатын. Ол күтіп отырып, терезеден оның мотоциклмен келгенін көреді. Қазір көтеріледі деп әлі отыр, әлі отыр. Ал күйеуі әлі жоқ. Жарты сағат өтті. Әйтеуір жетті-ау бір кезде. Ол күйеуіне: «неге ұзақ кідірдің, біз ендігі сені күзет кіргізбей қойған екен десек». Оның жауабы: «Жұмыстан шыққанмын, келген соң қарасам, шалбарым ластанып қалыпты. Базарға барып, жаңасын сатып алдым».

*-*-*

Әкесі әйелін перзентханадан шығарған күні әйелі мен енесінің сәбиді көтеріп жүргендерін көріп, былай депті: «Тыңдаңдаршы, оны көтере бермей, еденге қоя салсаңдаршы, біраз еңбектесін».

*-*-*

Перзентханадан шығатын күні күйеуіме телефон соғып: - барлық құжаттар менде, келіп, бізді сағат он екілерде алып кет, - дедім. Ал ол «Ой, бүгін қолым тимейтін шығар, ертең бола ма?» - деп, телефонды қоя салды! Мен есеңгіредім де қалдым. Кейін белгілі болды, ол бұл уақытта планеркада жүрген екен, тіпті кімнің телефон соққанын да түсінбей қалыпты. Әйтеуір алып кетті :)

*-*-*

Менің күйеуім тек бір рет қана мені хабарсыздығымен таңғалдырды. Неонатолог ұлымызды тоңып қалмас үшін қалай киіндіру керек екенін түсіндірді. Кейін «ал көшеде мезгіл-мезгіл мұрнын қысып қоясыңдар» деді. Келесі серуендеуде күйеуім 10 минут ішінде баланың мұрнын 15 рет ұстады. 16-шысында мен шыдамай, не болғанын сұрадым. «Не болғаны қалай, ұлымыз тоңып қалмасы үшін мұрнын қысып жүрмін». Ол жаңадан туылған сәбилердің әлдебір айрықша рефлексі бар екен деп ойлапты.

*-*-*

Менің программист-танысымның үйінде қызының дүниеге келуін атап өткенбіз. Әке мәртебесіне жаңа ие болған танысым тәжірибелі ана ретінде маған сұрақ қойды: «Айтшы, балалар қай жасынан бастап санның не екенін ойлана бастайды?»

*-*-*

Ал біздің әкеміз кішкентайға 5 ай толғанда, оған ядролық физика оқулығын оқып беретін. Кішкентайымыз көздері бақырайған күйі 5 минуттан соң ұйқтап кететін.

Симпотик

*-*-*

Ал біздің әкеміз ұлына 1 ай толғанда оған футбол добын сыйға тартты...

*-*-*

Қызымызға 1 ай толғанда, поликлиникаға анализ тапсыруға баратын болдым. Кештен бері күйеуіме қайта-қайта ескерттім. Ертеңіне ерте тұрып, анализдерімді жинап, қызымызды әкесінің жылы бүйіріне жатқызып: «мен кеттім» - дедім. Кенеттен әкеміз кереуеттен атып тұрып «Қайда?» деп сұрады. Мен: «Поликлиникаға» - деп жауап бердім. Оның келесі сұрағы: «Ал сен қайтып келесің бе?»

*-*-*

Біздің сәбиіміздің бір жарым айлық кезі, әкесі оған сылдырмақтарды кигізіп қойды. Әр қолына, аяғына, білектері мен тобығына сылдырмақтарды іліп қойды. Содан соң ақылды түрмен былай деді: «Міне, олар арнайы осы үшін жасалған ғой!»

*-*-*

Әжесі кішкентайымызға сылдырмақтар жинағын сыйға тартты. Әкесі кішкентайға бәрін зарарсыздандырып беру керек деген пікірге әбден беріліп алған – осы сылдырмақтардың бәрін 15 минут ішінде адам танымастай етіп қайнатып берді! Онымен қоймай, оларға тағы біздің бұрын алған ойыншықтардың бәрін қосып жіберіпті. Сөйтіп сәбиіміз ойыншықсыз қалған...

*-*-*

Жоржикке 3 ай толған кезі, жылап жатыр... Әкесі жақындап: «Жоржик, не болып қалды, не үшін жылап жатырсың?» Қолына алып: «Өй, сен дымқыл болып тұрсың ғой, бүлдіріп қойған екенсің ғой... енді неге үндемейсің, айтпадың ба?»

*-*-*

Қызымыз жасқа толғанда, әкесі оған ұзақ ойланыып қарап отырып, былай деді: «Сен оны осындай үп-үлкен етіп қалай ғана босандың екен?..»

*-*-*

Баланы кереуетке жатқызып, әкесіне айттым: «Балаға көз қырыңды салып қой, қалай оянады, айтып ескертерсің». Ал өзім құрбыммен ас үйге шай ішуге кеттім. Осының алдында ғана баламды тамақтандырғанмын. Шай құйып, енді аузыма ала бергенде, бөлмеден жанұшырған ағай естілді: «Бәрің мұнда келіңдер, Алинаның халі нашар!» Әрине, шошынып бөлмеге жүгірдім. Әкесі қара бұлтты төндіріп тұр: «Балада эпилепсия басталды, жедел жәрем шақыр!» Кереуетке жақындап қарасам... Алинам құсып қойған екен :-)

*-*-*

Дүкенге шығып бара жатып, әкесіне нұсқаулар бердім: «Егер кәк етіп қойса, памперсін ауыстыр». Сондағы алған жауабым: «Тыңдашы... мүмкін қазір ауыстыра саларсың, а?»

*-*-*

Баланы яслиге жібердік. Күнде анам апаратын, бірақ тарихи бір жағдайларға байланысты осы аптада әкесі апаратын болды.

- Жарайды, - деді, - апарайын. Ал енді оны қалай тапсырамын?

Қалай болғанда... әкелесің, киімін ауыстырасың да тәрбиешіге табыстайсың.

- Қалай сонда, жай ғана тапсыра саласың, болды ма? Ал сонда қандай да бір тіркеме қағаз (накладная) толтырмайсың ба?..

*-*-*

Әкесі қызымызды яслиден алып келуге алғаш рет барған еді, балалар әлі ұйқтап жатыр екен. Тәрбиеші әлдебір шаруадан қолы босамай, оның өзіне жайымен қызын оятып, киіндіре беруін өтініпті... ақырында, кішкентайымыз үйге ер баланың шалбарымен, ер баланың жейдесімен және бөтен біреудің ауыстырып киетін аяқ киімімен келді. Анасы аң-таң: бүкіл демалыс күндері байғұс баланы елестетумен болды – ұйқысынан оянса, орындығында алқызыл қыздың көйлегі... әкесі кереуеттер қатар тұрғанын, ал киім тұрған орындықтардың арасында тұрғанын айтып ақталумен әлек, - онда тұрған не бар екен, шатыстырып алдым...

*-*-*

Бірде күйеуімнен кішкентайды күндізгі ұйқыға жатқызуын өтіндім де, өзім ас үйге шығып кеттім. Ұлымыз ұйқтап қалды. Біраз уақыттан соң бөлмеге кіріп, оның төсекте бәтеңкелерімен ұйқтап жатқанын көрдім! Күйеуімді бас салып: «Бәтеңкелерін неге шешпедің?» деп сұрадым. Күйеуім кейіген дауыспен: «Катя, мен саған әрқашан айтамын, нақты нұсқаулар бере алмайсың деп. Қалай ғана оқытушы болып жүрсің? Сен маған бәтеңкелер туралы ештеңе айтпадың ғой!»

*-*-*

Бүгін біздің әкеміз жұмыстан үйге оралған соң, біздің бұзықты жүзінші рет пальманың құмырасынан шығарып, шашылған топырақты жинады, кішкентайдың үсті-басын қағып, оған «бомайдыны» он қайталады, содан соң сәбидің тағы да құмыраға қарай бет алғанына мұңая қарап тұрып, былай деді: «Иәә... Күні бойы олармен бірге-бір қалу шынында да қиын екен...»

*-*-*

Менің күйеуім: «оқытушылар философия мен басқа да бос нәрселерді үйреткенше, сәбиді қалай күтуді және оларды балабақшада қалай қалдыру керек екенін үйретсе ғой» - дейтін. Мен екінші сәбиімізді босанғанда, оған кішкентайды бақшаға алғаш рет апаруға тура келген, енді-енді бере бастағанбыз. Ана батыр бақырғанда байғұстың жүрегі ауырып, қалғысы келмепті :-))

*-*-*

Менің күйеуім бір күні қызымызды киіндірді. Мен оған жасыл көйлек пен ақ шұлық бердім де, боянуға кеттім. Ол қызды киіндіріп, көшеге шықты. Терезеден қарасам, ол көршімен сөйлесіп тұр екен. Қызым жанында, ал оның үстінде – Құдай сақтасын! – киіндіріп болғанша ақ шұлықты жоғалтып үлгеріпті, олардың орнына ашық-алқызыл шалбар кигізіп қойыпты! Жасыл көйлек, алқызыл шалбар! Баланы осылай да киіндіруге бола ма! Оған қоса балалардың киімі қайда тұратынынан, кімнің көйлек-шұлықтары қай жерде орналасқанынан хабары жоқ. Балаларды немен тамақтандыруды білмейді. Кір машинаны қоса алмайды. Бір күні мен шаруаларыммен таңғы сағат алтыда үйден шығып кеттім, балалар ол кезде ұйқтап жатқан. Түскі сағат екілердің шамасында оралдым.

- Балаларды немен тамақтандырдың?

- Ал мен оларды тамақтандырған жоқпын... Ой, ұмытып кетіппін ғой! Ал олар сұраған да жоқ өздері

- Ал өзің не жедің?

- Жай ғана печеньемен шай іше салдым.

Әдейілеп нұсқау беріп кеттім, бәрі дайын, тоңазытқышта тұр, тек ысыта қоясың деп. Ал ол тамақтандыруды ұмытып кетіпті! Бәрін айт та бірін айт, балаларды әкесімен бірге бір аптаға қалай қалдырарымды да білмеймін :-). Ол тіпті балаларды жуындырған соң денелерін сүртуді де қажет деп таппайды, «жүгіріп жүргенде кеуіп кетеді» деп қояды :-)


(stranamam.ru сайтынан)