Шынайы өмір тынысы айналды бүгін елеске.
блог
Өмір- табиғат сұлулығымен, жыл мезгілдерінің тылсымдығымен керемет пейзаж көркемдігімен сырласу. Адам тәні мен жанына біткен ынтық жүрек қағысы, жақын жандарды сағыну, сүйгенін аңсау,туған- туыс , бауырлармен жүздесу, достармен кездесу, толғаныс, махаббат деген кереметтей сезімдердің үйлесімі , тіршілік айнасы. Бұл біздің заманымызға дейінгі өмір тынысы.
Ал қазір өмір екі түрлі арнамен ағады. Бірі реалды өмір, жоғарыда айтылған өмір іспеттес. Екіншісі виртуалды өмір. Жастар арасында танымал әрі жұртшылықты арбап бара жатқан тап бір оба тәрізді індет. Виртуалды өмір- ғаламтор арқылы қарым қатынас жасау. Тілдесу, сөйлесу, мәлімет алмасу тәсілі. XXI ғасыр жаңа технологиялар заманы. Ғаламтор адам өмірінің айрылмас бір бөлігіне айналды. Әрине қашанда адам өмірін жақсартатын дүниелер жағымды әрі ыңғайлы келеді. Ғаламтор да сол бір қажетті дүние. Тиімді деген ақпаратты аз уақыт ішінде біліп аласың, керек десең көрсетіп те, үйретіп те береді. Уақытты үнемдейді, пайдалы тұстары көп әрине. Бірақ әттең дейтұғын кері әсері де жоқ емес. Виртауалды әлем- бұл елеспен , бейнемен тілдесу. Бірде бар, бірде жоқ. Қолмен ұстап көре алмайтын , сезіне алмайтын тіршілік. Ол адамды жалғыздыққа итермелейді. Оны бірі біліп, бірі білмейді де. Өкінішке орай осы виртуалды әлем құлдарына айналды адамдар. Болашақ ұрпақ қазір ғаламтор болмаса ішерге асы қалмағандай қайғырып, күйзеліске ұшырап, аурып та қалады. Балдырған бөбектеріміздің өзі қолындарына ойыншық орнына айпад не планшет ұстап ойнап отырады. Кезінде біз секілді топрақтан қалашық жасап, доп теуіп, таңнан кешке дейін далада ойнаудың өзі бір керемет балалық шақ естеліктері еді. Қыста аққала жасаған қармен атысып ойнаған қайран заман ай. Мектеп оқыған кездің өзінде біз жазбаша әріпті бөлек, баспа әріпін бөлек меңгеруші едік. Қазіргі оқушылар баспа әрпімен үйренеді. Сауатты жаза алмайтындығы да содан болу керек. Математикадан есептеп, басқа сабақтардан ақпарат тауып, кітаптар ақтарушы едік біз. Жаңа заман оқушылары есепті де басқасының да жауабын интернеттен алады. Ол деген жалқаулық . Ми таяздығы, есіңде де қалмайдығой. 18-20 жас аралығында еліктегіш келеді жастар. Жастарды коя беріп ересек, ақыл тоқтатқан адамдарға көшсек. Жас құрбылар сағынысып, бір-бірінің үйлерінде жиналып сыр бөлісіп, шәй ішіп отрудың өзі бір керемет еді, әттең. Әлеуметтік желі деген ұғым жоқ ол тұста. Құрбыларының парақшаларын қарап қойып, жаңа фотолар көріп смс хабарлама электронды хаттама арқылы қарым-қатынас, недегег салқын қандылық. Құрбыңмен шер тарқатып жылап алу, бір тамаша сезімдер, жастық шақ естеліктері емес пе? Кеш батысымен жолдастармен кездесіп қыз – қырғынға бару. Достарыңмен саябақта жиналып әңгіме дүкен құру . Алыстағы туған –туысқа ат терлетіп, базарлықты толтырып алып бару. Сәлем хаттар жолдау. Әже- ата өсиетін тыңдау, бұл да бір тәрбиенің нұсқасы еді. Қазір апа-атаңа телефон соғып қана коясың. Немересін искеп мауқын бассын ау деп бару деген ой мүлде жоқ. Неге? - өйткені, апа-ата қайда?- ауыл -аймақта, онда ғаламтор жоқ. Ұялы байланыс та ұстамайды. Виртуалды әлем, бүгінгі ұрпақ миын жаулап алды. Адами адмгершілік, мейрім, махаббат бәрін жоққа шығарды. Адмаға ең жақын деген дос, сүйген жан, ата-ана, туған туыс бүгінде бұлардың бәрін бір адамға ғаламтордың өзі алмастыра алады. Онда қызықтырақ көрінеді. Шынайы өмірде қолыңнан келмейтін дүние виртуалды әлемде оп оңай болып көрінеді. Батылдық береді. Өз-өзіңе сенімдірек боласың бірақ ол жай ғана елес. Әлеуметтік желіде достарың көп, саған бәрі жақын адамдай көрінеді. Достық , жақын сенетін адам онлайнда емес, қиын кезеңде сенің жаныңнан табылатын дос. Виртуалды әлемдегі саны, көп сапасы жоқ достарың көп болса да сен жалғызсың. Сол себепті виртуалды әлемнің арбауынан арыл . Ғашық бол әлемге, әдемілікке. Тілдес, сырлас адамдармен жақсы көңіл күй сыйла. Елестермен қош айтыс. Уақытыңды тиімді істерге жұмса. Қамшының сабындай қысқа өмірде, Бақытты сәттерің көп болсын. Өмірің мәнді де, сәнді болсын бауырым. Көзді ашып жұмғанша тез өмір өтеді де кетеді. Пайдалы да қызықты өмір бар. Ғаламтордан бас тарт демейм. Қолдан, дей тұрғанмен белгілі бір шектеулер қой. 24 сағат бір күндік өміріңнің 3 сағатын немесе 2 сағатын ғана витруалды әлемге арна. Керекті қажетті ақпарт ал. Заманың қу болса, түлкі болып шал. Ақылдырақ бол кітапты электронды емес, қолмен ұстап, исін сезіп оқығанға не жетсін. Сауатыңды аш. Өмірдің тынысын кеңейте түс.
Балжан Мусакул )