Шынайы өмір-шынайы фильм

Сіздер мені тек фантастиканы ғана жақсы көреді екен деп ойлап қалмаңыздар :). Жалпы кино көрген кезде жанрға көп аса мән бермеймін, көргім келсе көре берем. И менің жиі кино көргім кеп тұрады...

Күлгін түстегі өмір/ Жизнь в розовом цвете/ La Vie en rose/ Малыш


Алдында Анараның блогында Эдит Пиаф жайлы оқығам. Содан "ол кім, не ерекшелігі бар?" деп интернетті ақтарып біраз ақпаратқа қанық болдым. Содан осы киноны тауып алдым. Көруіме бір себеп басты ролді сомдаушы Марион Котийяр болды. Тіпті оның осы кинодағы роль үшін барған жанкештілігі ұнады.

Қасын түгелдей қырғызып тастап, шашын кескізіп, салмақ тастап, Эдит Пиафтың кәрілік күнін ойнау үшін гримге 5 сағат жұмсағаны еңбегін ақтап "Оскарды" сыйға тартты әрі актрисаның әлемдік деңгейдегі актриса болуына өз үлесін қосты. 

Кино актрисаның қиын тағдырына құралған, шынайы өмірінен алынған. Сіз киноны көрген кезде Эдит Пиафты аяп та, жек көріпте, жақсы көруіңізде мүмкін. Себебі басынан бұзылған өміріне әйел өзгеріс енгізуді ойламаған, қанша қаржы тапса да үйренген ауруы арақты қойып өз өмірін дұрыстауға бет бұрмаған. Мүмкін, ғашығы тірі тұрғанда өмірі өзгерер ме еді? Кейде осыншама атақтың да салмағы бар екенін білуге болатын, жарқырап жүргеннің бәрінің бақытты емес екенін көрсететіндей... 


Монаколық Грейс /Принцесса Монако


Мен ұсынатын екінші тарихи фильм. Мемлекет басындағылардың құпияға толы өмірінің бір құпиясын ашып берген фильм. Киноны түсірер алдында Монако елінің патшасына хат жолданып киноның сюжеті бекітілген, бірақ кино шыққаннан кейін Монако патшасы бұл киноны мойындамайтынын жариялаған. Себебі "кинода тарихи деректер бұрмаланған және шешесі танымал актриса, модель Грейс Келлидің ролі әсерленіп кеткен" деген.  


Голивудттың танымал актриса, әлемнің мықты актрисаларының жүздігіне енген Грейс Келлиге Монако ханзадасы ғашық болып екеуі отбасын құрады. Монако еліне келгеннен кейін ғана ханзадаға тұрмысқа шығу ертегідей емес екенін түсіне бастаған Грейс қатты қиналады. Тіпті оның әр сөзінен, киім киісінен, шаш қоюуынан оның басқа әлемдікі екенін бірден білініп тұрады. Жарын сүйгендіктен де сол елдің адал ханшайымы болуы үшін Грейске өміріндегі ең сүйікті ісі киноға түсуден бас тартуға тура келеді...

Николь Кидман Грейс Келлидің бар эмоциясын бере білген сияқты, мүмкін актрисаның жанын актриса түсінген шығар. Кинодан мемлекет басшыларының үй-ішіндегі қарама-қайшылықтары мен қиындықтары және халықаралық қарым-қатынаста әр нәрсенің маңызды екенін анық көрсете білген. Кино әсерлі. Адамзат тарихындағы ең үлкен үйлену той мен махаббат символы бола білген Келли Грейстің өмірінің белгісіз өмірлік құпиясына қанық боласыз...




Бөлісу: